Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады. Операциялық жүйлердің жіктелуі -

Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады. Операциялық жүйлердің жіктелуі

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 463 | Просмотров: 4028 | Размер: 69.5 Kb | Автор:
. Сабақ жоспары
Сыныбы: 8 «А»
Күні: 18.11.15ж
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады. Операциялық жүйелердің жіктелуі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға компьютердің аппараттық құрылымы, жады және операциялық жүйелер туралы меңгерту. Оқушыны ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге, өзін-өзі бағалауға қалыптастыру.
ә) дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
б) тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ойын элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, практикалық жұмыстар арқылы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,плакаттар,сөзжұмбақ,слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) сәлемдесу;
2) оқушыларды түгендеу;
3) оқушылар назарын сабаққа аудару. «Сиқырлы таяқша» (оқушылар бір-біріне тілектерін айтады).
4) оқушыларды топқа бөлу. Қорапшада 1-12 дейін сандар берілген оқушылар сол сандарды таңдап экранға назар аударады, сандардың артында компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының суреттері берілген сол құрылғылар бойынша негізі құрылғылар монитор тобы болып, қосымша құрылғылар принтер тобы болып бөлінеді.
5) «Информатика патшалығына» саяхат. Әр топты кемеге отырғызып, мұхитта жүзе отырып «Информатика патшалығына» алып баруымыз керек. Кемелер әр түрлі аралдарға тоқтап, онда тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтуі керек.
Кеменің жүзу маршруты:
І «Қиын сұрақтар» аралы.
ІІ «Ертегілер» аралы.
ІІІ «Артық болмас білгенің» аралы.
ІV «Компьютер әлемі» аралы.
V «Ғажайып қалам» аралы.
Үй тапсырмасын сұрау
«Қиын сұрақтар аралы» ойыны
1.Дербес компьютер дегеніміз не? (бір ғана адам пайдалануға арналған құрылғы)
2. Компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы? (монитор)
3. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы? (принтер)
4. Принтердің түрлері (лазерлік, матрицалық, сиябүріккіш)
5. Ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға арналған құрылғы. (флешка, дискета, диск )
6. Үлкен көлемді плакаттарды шығаруға арналаған басып шығару құрылғысы қалай аталады?. (плоттер).
2. «Ертегілер аралы»
«Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбын тірексызба арқылы қорғау. 1- топқа компьютердің пайдасы, 2- топқа компьютердің зияны тақырыбында тірексызбаларды толтыру арқылы компьютердің құтқарады.
Бір күні сиқыршы компьютерді сиқырлап тастады. Ол оны компьютер кактусы деген кактусқа айналдырып, оны өзінің дүкенінің сөресіне қояды. Кактус бейнесінде болу компьютерге тіпті ұнамады, себебі мұндай әдеттен тыс келбетте ол ақпараттық процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Бақытына қарай дүкенде бір ақпейіл қыз жұмыс істейді. Ол компьютерге көмектескісі келеді. Егер ол компьютердің пайдасы мен зиянын дұрыс жазып,, кактустың тікенектеріне ілсе, онда компьютер алғашқы қалпына келтіруге болатынын біледі. Өкінішке орай, бұл қыз информатика пәнін білмегендіктен, бұл сұраққа жауап бере алмады. Мүмкін сендер этикетке дұрыс жазу жазып, сиқыршыны бірге жеңе алатын шығарсыңдар?
3. «Артық болмас білгенің» аралы (15 мин).
Ақпаратты сақтауға арналған компьютердің құрылғысы жад деп аталады. Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге бөлiнедi. Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады, өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ компьютер өшiрiлгеннен кейiн, ондағы барлық деректер де өшiрiледi. Ішкі жады жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) және (ТЖҚ) тұрақты жадтайтын құрылғы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады. Оған қатты диск, дискеттер немесе иілгіш дискілер, лазерлiк дискiлер және басқа да ақпараттардтасымалдаушы құралдар кiредi.

Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді.

Әрбір операциялық жүйе үш міндетті бөліктен тұрады:

Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.

4. «Компьютер әлемі» аралы
1- тапсырма
1.Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.
2. Персонализация бұйрығын таңдаңдар.
3. Жұмыс үстелінің фонын өзгертіңдер.
4. 2 минуттан кейін бетперде (заставка) пайда болатындай етіп баптаңдар.

Сергіту сәті: «Ақпаратты кім бірінші сақтап, тасымалдайды?» ойыны.

Екі топ графикалық редакторда сырты жадтың суретін салып бір-бірімен алмасады.
Принтер тобы. тапсырмасы
Бірінші оқушы графикалық редакторды (Paint) ашады, екінші оқушы Дискетаның суретін салып, үшінші оқушы сол суретті бояйды, төртінші оқушы оны сақтап, бесінші оқушы флешкаға көшіреді. Ең соңғы оқушы сол суретті келесі топтың компьютеріне көшіреді
Монитор тобы. тапсырмасы
Бірінші оқушы графикалық редакторды (Paint) ашады, екінші оқушы Дискетаның суретін салып, үшінші оқушы сол суретті бояйды, төртінші оқушы оны сақтап, бесінші оқушы флешкаға көшіреді. Ең соңғы оқушы сол суретті келесі топтың компьютеріне көшіреді.

Информатикалық диктант
Операциялық жүйе – компьютерді қосқан кезде _________________________
және оның барлық ___________________ жұмысын басқаратын _________________ программа.
Ядро – командалық ____________________, программалық тілден “темір” тіліне аударатын _______________________, машина кодасының тілі.
Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын _____________ _________________.
Қазіргі кезде ең көп тараған операциялық жүйе - __________________.
Жасырын сөздерді орнына жазу.

5. «Ғажайып қалам» аралы
Бұл аралда оқушылар осы өтіп жатқан тақырыпта 4 жол өлең шығарып жазады.
6. «Информатика патшалығы»
Меңгерілген тақырыпты жинақтау мақсатында «Бес саусақ» тәсілі
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?

Үйге тапсырма. Компьютердің жады, операциялық жүйе ұғымы туралы реферат жазу.
Оқушыларды бағалау. Өзін-өзі және өзара бағалау парақшасы арқылы бағалаймын.

I
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.