Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Компьютерді озат меңгерген сынып» -

«Компьютерді озат меңгерген сынып»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1564 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Компьютерді озат меңгерген сынып»
Сайыстың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу
Жабдықтар: Интерактивті тақта, ноутбуктер.
Қатысушылар 5, 6 сынып оқушылары.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Компьютерді озат меңгерген сынып» атты сайысқа қош келдіңіздер! Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныптан бес оқушыдан шығады.
6 сыныптан
5 сыныптан:
1. Тукенова Еркежан
2. Асенова Аружан
3. Аманов Айбар
4. Ашанов Архат
5. Абылқайдарова Ақпейіл

1. Кәбіров Олжас
2. Орынбек Гүлнұр
3. Хамзин Заңғар
4. Жакенов Ақтөре
5. Абилханов Нұрбол


Әділқазылар алқасын сайлаймыз
Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу
1-тур. «Келесі»
2-тур. «Қай сөз артық?»
3-тур. Сөзжұмбақ шешу
4-тур. «Кім жылдам?»
5-тур. «Сұрақ - жауап»
6-тур. «Қатені тап»
7-тур. «Поэзия сәті»
8-тур. «Пернелерге саяхат» Көрермендермен ойын
1-тур «Келесі».
Екі топқа 10 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде келесі сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауапқа сыныпқа 5 ұпайдан қосылады.
5-сынып
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Вирусты жоятын программа (антивирус)
5. Компьютердің негізгі құрылғылары (процессор, монитор, пернетақта)
6. Компьютердің миы (жүйелік блок)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Енгізу құрылғысы (пернетақта)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Бір байта қанша бит бар (8)
6-сынып
1. Компьютердегі ақпараттарды жоятын программа (вирус)
2. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
3. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (модем)
4. Басып шығаруға арналған құрылғы (принтер)
5. Өшірілген объектілер орналасатын папка (корзина)
6. Компьютердің қосымша құрылғылары (сканер, принтер, модем)
7. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
8. Мәтіндік редактор (WORD PAD)
9. Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан? (information)
10.Пернетақта неше бөліктен тұрады (4)
2-тур. «Қай сөз артық?»
Тақтада 4 сөз берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 5 ұпайдан
1. Ақпарат сақтайтын құрылғы: флешка, дискета, компакт диск, винчестер, USB шнур
2. Пәндер: физика, математика, тарих, география, компьютер
3. Компьютердің құрылғылары: монитор, процессор, пернетақта, драйвер, сканер
4. Программалар: Word, Excell, Paint, Блокнот, Pentium
3-тур. «Жұмбақ шешу».
Әр топқа 3 жұмбақтан. Әр дұрыс шешілген сұраққа 5 ұпайдан.
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)

Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)

Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)
Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)

Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз бес (пернетақта)

Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)
4-тур. «Кім жылдам».
Бұл турда екі топқа бірдей мәтін беріледі, сол мәтінді компьютерге тез әрі қатесіз теруі керек. Жоғары ұпай 10 балл.
5-тур. «Сұрақ - жауап»
1. Компьютердің миы – Процессор
2. Информатика ғылымы нені зерттейді?
3. Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? (бір түрден 2ші түрге өзгерту)
4. Аты бар байттар тізбегі - Файл
5. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші - Сканер
6. Дүниежүзілік желі - Интернет
7. Дискті оқу құралы (дисковод)
8. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін сөзі - Ақпарат
9. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы - Модем
10. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама – Paint
6-тур. «Қатені тап»
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын. Жауабы: 6 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек
7-тур. Поэзия сәті.
Бұл турда екі сынып информатикаға байланысты бір шумақ өлең шығарады. Ұпай 10 балл. Уақыт 5 мин.
8-тур. «Пернелерге саяхат». Көрермендермен ойын
1.Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! (Shift+Alt)
2.Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да кіші әріп қайтемін?
Көмек берші,енді нені басам мен? (Caps Lock)
3.Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? (Пробел)
4.Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым,айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift)
5.Жаңа жолға түсіп алып енді мен,
Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді
Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,
Көмек берші, әрі қарай не істеймін? (Enter)
Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты аяқтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа, «Компьютерді озат меңгерген сынып» атағын береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.