.
.
Сабақтың тақырыбы: Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы. Даус қаттылығын реттеу Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы. Даус қаттылығын реттеу
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1434 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, даус қаттылығын реттеуді үйрету, түсінік беру;
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Оқушы білімін тексеру
1. Блокнот қандай редактор?
2. Блокнот программасын қалай іске қосамыз?
3. Блокнот программасының мүмкіндіктері.
4. Терезе элементтерін атап беріңдер.
ІІІ Мақсат қою арқылы тексеру
ІV Жаңа материалды түсіндіру
Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы – бұл CD-ROM компакт-дискісінен оқуға арналған арнайы құрылғылардың көмегімен музыкалық жазбаларды компакт-дискіден ойнатуға арналған бағдарлама.
Іске қосу: Пуск – Все Программы – Стандартные – Мультимедиа – Лазерный проигрыватель
Лазерлік ойнатқыш терезесінің өлшемі қатты бекітілген. Терезенің төменгі жағында басқару батырмалары орналасқан.
1. Ойнату
2. Үзіліс
3. Тоқта
4. Алдыңғы жазба
5. Келесі жазба
6. Артқа айналдыру
7. Алдыға айналдыру
8. Шығарып алу
Жазу пунктінде дискінің барлық жазбаларын көруге және керегін таңдауға болады. Бағдарлама жазбаларды ойнату тізімін құруға мүмкіндік береді.
Дауыс қаттылығын реттеу. Лазерный проигрыватель Фонограф бағдарламасымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін, даустың қаттылығын реттеу керек. Даустың қаттылығын бірнеше әдіспен реттеуге болады:
1. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель түрінде бейнеленген белгішеде шертіңдер, сонда даустың қаттылығын реттеуші шығады. Маустың нұсқағышын сырғытпаға орналастырып, оны жоғары немесе төмен жылжыта отырып, даустың қаттылығын өзгертуге болады.
2. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель белгішесінде маустың батырмасын екі рет шертіңдер. Лазерлік ойнатқыш үшін даус деңгейін баптауға және ойнатуға мүмкіндік беретін Громкость терезесі ашылады.
V Оқушылардың жаңа сабақтан түсінгенін тексеру
1. Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
2. Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?
3. Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
4. Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы қалай іске қосамыз?
5. Дауыс қаттылығын қалай реттейміз?
VІ Жаңа материалды бекіту
VІІ Үйге тапсырма беру
VІІІ Оқушы білімін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.