Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛДАР. -

ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛДАР.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4090 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛДАР.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Логикалық көбейту, косу, терістеу амалдаымен, ақиқаттық кестелерімен таныстыру.
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат-сабақ
Көрнекіліктер: компьютер, оқулык, интерактивті тақта, мұхиттағы аралдар, қайық қозғалысы келтірілген флипчарттар,
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар қатысымын, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. «Үй тапсырмасы» жағалауында.(Үйге берілген тапсырманы тексеру.)
2 жалған, 2 ақиқат пікір ойлап келу.

ІІІ. «Қайталау аралы» (Өткен материалдарды қайталауға тест тапсырмалары)
Тест тапсырмалары:
1. Санау жүйесі дегеніміз не?
а) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі.
ә) цифрларды атау тәсілі.
2. Санау жүйесінің қандай топтары бар?
а) позициялық, позициялық емес.
ә) позициялық, цифрлық емес.
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтамыз?
а) цифрлар позициясы
ә) цифрлар саны
4. Пікір дегеніміз не?
а) ақиқат немесе жалған тұжырым, пайымдау.
ә) тек қана ақиқат тұжырым, пайымдау.
5. Ақиқат пікірдің мәні қандай?
а) 0
ә) 1
6. Жалған пікірдің мәні қандай?
а) 0
ә)1

ІҮ. «Логикалық амалдар» аралы. (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
Логикалық амалдар.
1. «және» конъюнкция (логикалық көбейту)
2. А және В «немесе» дизъюнкция (логикалық қосу)
3. А немесе В «емес» терістеу А емес
Логикалық көбейту
ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша соіушісііо -біріктіру), ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп аталады.
ЖӘНЕ операциясы «.» нүктемен белгіленеді (& белгісімен де белгіленуі мүмкін).

А в АжәнеВ
1 1 1
1 0 0
0 1 0
0 0 0
ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операцияның ақиқаттық кестесі:
Ақиқаттық кестесінен:
Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат.
А немесе В пікірлерінің бірі немес екеуі де жалған болса, онда «А» және «В» конъюнкциясы жалған болады,
Мысалы: А={Бүгін күн қар жауып тұр.} В={Қазір информатика сабағы болып жатыр.}
A=0, B=1
А&В=0&1=0

Логикалық қосу
Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjuncnctio - бөлу), ал операцияның нәтижесі – логикалық қосынды деп аталады.
НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен (кейде + белгісімен белгіленеді). НЕМЕСЕ логикалық операцияның ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:

А В А немесе В
1 1 1
1 0 1
0 1 1
0 0 0

А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда, А немесе В
дизьюнкциясы ақиқат. А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В
дизьюнкциясы жалған.
Мысалы: А={2+2=4} В={Ит - төрт аяқты.}
A=1, B=1
А˅В=1˅1=1
Логикалық терістеу
Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.
ЕМЕС терістеу операциясының ақиқаттық кестесі:
А А ЕМЕС
1 0
0 1
Бастапқы Бастапқы пікір жалған болса, терістеу-ақиқат пікір ақиқат болса, терістеу-жалған
Мысалы: А={Астана - Қазақстанның астанасы.}
A=1

Ү. «Тапсырмалар» аралы. (Оқушылар кезекпен келіп активқалам көмегімен тақтаға тапсырмаларды орындайды.)



ҮІ. «Сергіту» аралы. (Логикалық жұмбақтар)
1. Алманы қақ ортасынан бөлгенде жартысы неге ұқсайды?
2. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
3. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш пайда болды?

ҮІІ. «Сұрақтар» аралы. (Қорытындылау сұрақтары)

Қорытынды сұрақтар:

1. Логикалық көбейту амалы қалай орындалады?

2. Логикалық қосу амалы қалай орындалады?

3. Логикалық терістеу амалы қалай орындалады?

4. Логикалық көбейту амалы қалай аталады?

5. Логикалық қосу амалы қалай аталады?

6. Логикалық терістеу амалы қалай аталады?

ҮІІІ. «Бағалар» аралы. (Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.)

ІХ. Үйге тапсырма беру.

20-беттегі 3.2. тақырыпты оқу.
23-беттегі 1,2-тапсырмаларды орындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.