Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Стандартты типтерінің  сипатталуы. -

Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Стандартты типтерінің сипатталуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3785 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Стандартты типтерінің сипатталуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары
• Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
• Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
• Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
• Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
• Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
• АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
• Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Жаңа сабақты түсіндіру

Мәлімет типтері

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Паскаль тілінде пайдаланатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
• бүтін – INTEGER нақты – REAL логикалық – BOOLEAN
• тіркестік – STRING мәтіндік - TEXT типтер жатады.
Құрылымдық типтегі жиымдар – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.
Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде алдын ала програмалары жасалып стандарттты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.
1. Арифметикалық функциялар
2. Типтерді өзгерту функциялары.
Арифметикалық функциялар

Математикада жазылуы Паскаль тілінде жазылуы Атқаратын қызметі Функция типі
|x|
arctg x
cos x
sin x
e x
[x]

Inx
П
х 2
х
Abs (x)
Arctan (x)
Cos (x)
Sin (x)
Exp (x)
Frac (x)
Int (x)
Ln (x)
Pi
Sqr (x)
Sqrt (x)
Аргументтің абсолюттік шамасы
Аргументтің арктангенсі
Аргументтің косинусы
Аргументтің синусы
е-нің х дәрежесі
х-санының бөлшек бөлігі
х-санының бүтін бөлігі
х-санының натурал логарифмі
п-дің мәні
х-тің квадраты
х-тің квадрат түбірі
х-тің типіндей
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты (бүтін)
нақты

х-тің типіндей
нақты
Стандартты типтердің сипатталуы
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, ...., атауn: тип;
мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte
Арифметикалық амалдар.
Белгілер Операциялар Операндтар типі Нәтиже типі
+ қосу Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақты
- азайту Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақт
* көбейту Екеуі бүтін немесе екеуінің
біреуі нақты Бүтін, нақты
/ бөлу Бүтін немесе нақты Нақты
Div Бүтін бөлу Бүтін Бүтін
Mod Бүтін қалдық бүтін бүтін

Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:
Abs(x) – бүтін х санының абсолют шамасы
Sqr(x) – бүтін х анының квадраты
Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі
Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.
Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды береді.
Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін санды береді.
Сабақты бекіту сұрақтары
• Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
• DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
• Программа қандай оператормен басталады?
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
• Идентификатор дегеніміз не?
• Жиым дегеніміз не?
• Мәліметтердің типі дегеніміз не?
• Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
• Мәліметтердің қандай типтері бар?
• Атаулардың типтері қалай сипатталады?
• Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?

Үйге тапсырма: §2.5. – §2.7. тақырыптарды оқу. 2.7-кестені жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.