Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәтіндік  процессор жайлы  жалпы  мағлұмат.  Программаның  интерфейсі. -

Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2384 | Размер: | Автор: гость
. Қысқа мерзімді жоспар
Абдыллаева Зәуре
«Абай атындағы орта мектебі » ММ-нің информатика пәні мұғалімі
Мезгілі____________________________ Сабақ №________
Сабақтың тақырыбы Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.
Сілтеме Слайдтан тапсырма көздері, топтық тапсырмалар, оқулықтағы мәтіндер,АКТ.
Жалпы мақсаттар Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, топтық тапсырмалар бере отырып, қабілетті оқушыны табу, жас ерекшелігін ескеру, ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау.
Оқыту нәтижесі MS Word редакторының іске қосу жолдарын біледі. Терезе элементтерімен танысады. Мәтін теруді,ұжат құруды және сақтауды үйренеді.
Негізгі идеялар Компьютерлік технология түрлерін үйренуімен байланысты.
Тапсырмалар

Білу.

Түсіну.

Қолдану.

Талдау.

Жинақтау. Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.
2. Топқа бөлу: Топ аттары «Компьютер» және «Программа».
1-тапсырма: Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақтар қою. (слайд).
1. Модель деген не?
2. Модельдеу дегеніміз не?
3. Модель кезеңдері неше бөліктен тұрады?
4. Модельдің қандай түрлері бар?
5. Жердің моделі не?
2-тапсырма: Жаңа тақырыпты игеру мақсатында екі топқа бірдей сілтеме таратылады. Миға шабуыл,СТО - ассоциация әдістері қолданылады.
«Компьютер» тобына:
MS Word редакторының мүмкіндігі мен іске қосу жолдарын сипаттау. (оқулықтағы 85-бет)
«Программма» тобына:
Мәтіндік процессордың терезесі және құжат құру сақтау туралы сипаттау.(оқулықағы 86-88-беттер)
3-тапсырма: ДК мен жұмыс. Деңгейлік тапсырма орындау.

MS Word редакторы не үшін қажет деп ойлайсыздар, редактор қандай қасиеттерімен маңызды?
«Ой толғаныс». Бүгінгі сабақтан алған алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізу ұсынылады.
«Бес жолды өлең»
Сергіту
4-тапсырма: Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары:
«Өзіңді тексер» бөліміндегі тест тапсырмасын орындау. (оқулықтағы 91- бет).
Оқушылар топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасына қайта шолу жасайды, сұрақтарға жауап береді.
Бұл тапсырмалар бойынша
оқушылар ізденеді,
сұрақтарға жауапты
топ болып ұйымдастырады.

Әр топ өздеріне берілген мәтінмен танысады.
Редактор мүмкіндігі және іске қосу жолымен танысады.
Терезе элементтерін біледі.
Екі топ бір-біріне постер арқылы ойларын жеткізеді.
Деңгейлік тапсырма орындайды.
Мәтіндік редакторда мәтін тереді, пернетақтамен жұмыс жасауды үйренеді.

Ойларын жинақтайды, бес жолды өлең құрастырады.
Жаңа сабақ туралы ойларын қорытып, топ болып бірлесе отырып жаңа сабақты пысықтайды,тест сұрақтарына жауап іздейді.
Бағалау.

Кері байланыс Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау,
жиынтық бағалау.
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі түсті
стикерлер таратылады. Әр оқушы өзін бағалауды үйненеді.

Сабақта алған әсерлерін стикерге жазып, «Көңіл күй дидарына жабыстырады»
Кейінгі тапсырмалар §16. Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. 85-92-беттер.
Қорытынды Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.