Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. -

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1863 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа, шапшаңдыққа, WordPad мәтіндік редакторында мәтінді өз бетінше жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, таным белсенділігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: Сәйкестендіру тесті, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: таратпа, компьютер, мультипроектор.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Символ ...
1) Мәтіндік ақпараттың ең кішкене бірлігі
2) Ең кіші нүкте
3) Ең кіші сызықша
4) Мәтіндік ақпараттың ең үлкен бірлігі
2. Мәтіндік курсор...
1) Мәтіндік редакторда орналасқан.
2) Жұмыс үстелінде орналасқан
3) Арнайы бумада орналасқан
4) Дұрыс жауабы жоқ
3. WordPad мәтіндік редакторының құжат типі
1) .pnb
2) .rtf
3) .jpg
4) .avi
4. Мәтіннің негізгі элементін көрсет:
1) Құжат
2) Кесте
3) Сурет
4) Сөз
5. Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программалар:
1) Кестелік редактор
2) Графикалық редактор
3) Paint
4) Мәтіндік редактор
6. Сөзді немесе символды бас әріппен бастау үшін әріп пернесімен бірге қандай пернені басу керек?
1) delete
2) alt
3) shift
4) home
7. Бірнеше сөді бас әріппен жазу үшін...
1) Num lock
2) Caps lock
3) Backspace
4) Tab
8. Курсорды мәтін бойынша жолдын басына апару үшін...
1) End
2) Page down
3) Home
4) Page up
9. Үзілмейтін бос орын қою үшін...
1) Alt+shift+бос орын
2) Ctrl+shift+бос орын
3) Shift+delete+бос орын
4) Tab+бос орын
10. Көп бетті құжаттын соңғы бетіне бірден бару үшін:
1) Alt+shift
2) Ctrl+end
3) Shift+delete
4) tab

III . Жаңа сабақ баяндау
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Символдарды жою ціиін цандай пернелер қолданылады?
Windows операциялың жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен - курсордан оң жақта орналасқан символды, Васкsрасе пернесімен курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.
Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бүрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Іnsert пернесін басңанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Іnsert пернесін ңайтадан басу керек.
Егер мәтіннің барлық бөлігінде түтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады:

Көшіру амалы жылжытуға өте үқсас:
Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Сtrl пернесін баса отырып жылжытамыз;
немесе оны алмасу буферіне көшіреміз (Жолақтағы копировать батырмасы), керек жерге кірістіреміз.
Егер мәтінге амал ңолданғанда бір нәрсе дүрыс шыңпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қол жеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Сtrl+z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.

Жазылған әріптердің кескінің оның қаріп түрін және өлшемін өзгерту арқылы келтіруге болады:




IV. Сабақты бекіту
Сәйкестіріндер
Ctrl+Home Таңдалған бұйрықтан бас тарту
Page Up Бас әріптерді теру режиміне өту
Delete Курсорды құжаттың басына апару
Caps Lock Курсордың сол жағындағы сөзді жою
Esc Курсорды бір бетке жоғары апару
Insert Абзацты енгізуді аяқтау
Enter Курсордың оң жағындағы сөзді жою
Ctrl+Back Space Мәтінді енгізгенде ауыстыру режиміне көшіру

1- тапсырма:
Сәтемір хан
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның тө- бесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда қүлап түсе- ді; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барған- да тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.
Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан жан- жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақы- сына оқу оқыпты-мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.

1. Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.
2. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрыгын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
3. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болган сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.
4. Өз бумаларыңның Сәтемір хан файлындағы өзгерістерді сақтаңдар.

2 – тапсырма:

Өзін ғана ойлаған – жамандықтыңң белгісі,
Өзгені де өйлаған –
Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таниыды.

Өз білмегенінді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

Оқусыз білім жоқ, ьь
Білімсіз күнің жоқ.

Оқу – білім бұлақы,
Білім – өмір шырағы

1. Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.
2. Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер. Еnter, Васкsрасе және Delete пернелерін қолданыңдар:
• егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші ма- қалдың соңына қойып, Еnter пернесін басыңдар;
• егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына цойып, Васкsрасе пернесін басуға да болады).

3 – тапсырма:
Тапсырма Дабыл Папка
Парта Программа Қарындаш
Көрме

• Delete, Васкsрасе пернелерін цолданып және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.

• Құжатты өз бумаларыңда Сөздерді деген атпен сақтаңдар.

V. Үй тапсырмасын беру. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.