.
.
Сабақтың тақырыбы: Массивтермен жұмыс Массивтермен жұмыс
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2304 | Размер: | Автор: Нартай4540ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Элементтерінің саны алдын-ала белгілі бір типті индексті айнымалылардың жиынтығын массив деп атайды. Массивтің типі күрделі болып табылады. Массивті программада қолдану үшін оларға белгілі бір ат беріледі. Bisual Basic процедураларында массивтермен жұмыс істеу ережелері қарапайым Бейсиктегідей сияқты. Массивтерді сипаттау үшін Dim қызметші сөзінен кейін массив атын жазып, жақша ішінде массивке компьютерлердің жадынан қанша орын бөлінетінін және As қызметші сөзінен кейін массив элементтерінің типін көрсетсек:
Dim A (1 To 15) As Integer
/элементтері бүтін сан болатын А массивіне компьютердің жадынан 15 орын бөлінді/
Dim X (15) As String
/ элементтері жолдық қатар болатын Х массивіне компьютердің жадынан 16 орын бөлінді (0-ден 15-ке дейін) /
Массив процедураларының басында немесе код терезесінің General бөлігінде сипаттап кетуге болады. Егер массив процедураның басында сипатталса, ол тек процедураның орындалуында ғана жұмыс істей алады. Егер бөлігінде сипатталса, онда массив проектінің барлық процедураларында мәндерін жоғалтпай жұмыс істейді.
Сонымен қатар формаға объектілердің көшірмесін алып қою арқылы олармен массив элементтері секілді жұмыс жасауға болады. Мысалы: Command1 объектісін түсіріп, Edit-Copy және Edit Paste командалары арқылы оның формаға 9 көшірмесін алып қоятын болсақ, онда формада бір-бірінен Index қасиеті арқылы ғана ажыратылатын 10 элементтен тұратын Command 1массив аламыз. Visual Basic Формаға одан кейінгі түскен объектіге деп автоматты түрде мән орнатады. Ол объектілерге байланысты пайда болатын оқиғалар бір процедурада жазылады және программалауда ол объектілер қасиетінің мәндері бойынша өңделеді.
ІХ. Үйге тапсырма
Массивтермен жұмыс
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.