Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау -

Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 290 | Просмотров: 1677 | Размер: 36.0 Kb | Автор: bibigul
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Құттықожа ауылы
№164 орта мектеп
Информатика пәнінің иұғалімі
Әшімбекова Нұргүл Қайыпбекқызы
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕХСЕІ- ге берілгендерді ұяшыққа енгізу және редакциялау жолын шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары
1) Microsoft Excel программасын деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді
2) Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
3) Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады
4) Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар
5) Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз
6) Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз
7) Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз
8) Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Берілгендерді енгізу. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі « » және «=» белгісі немесе
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі.
Егер белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.

Формула жолы
Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.
Кез келген электронды кестенің ұяшығына:
• сан;
• формула
• мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.
Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.
Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.
Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.
Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.
Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
1. ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.
2. ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Электрондық кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?
2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel –ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.