.
.
10 сынып Microsoft Word бағдарламасы.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 1941 | Размер: 61.5 Kb | Автор: araiДайындаған: Информатика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Гүлмира Қайроллақызы
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word бағдарламасы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Microsoft Word бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
2. Дамытушылық. Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
3. Тәрбиелік. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа ұйрету.
Сабақтың түрі:
Қорытыңды жинақ сабағы. Информатик-бизнесмен ойыны түрінде.
Әдісі: әңгіме, түсіндіру, баяндау, салыстыру, модельдеу, талдау, машық жұмысы.
Көрнекілігі: Компьютер, плакаттар, презентация
Пәнаралық байланыс: Математика, экономика, бейнелеу өнері, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бүгінгі сабағымызда еліміздегі Банктар туралы ой қозғайтын боламыз. Ал одан бұрын сәл шегініс жасап, өткен сабақтарда алған білімімізді тиянақтап еске түсірейік.
ІІ. Microsoft Word бағдарламасы бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу.
А) 1-сұрақ: Компьютер көмегі арқылы мәтіндік құжат жасаудың мүмкіндіктері неде?
- мәтіндегі өзгерістерді тез және қарапайым түрде енгізуге болады;
- мәтіндегі қателерді қалауымызша өзгертуге болады, олар байқаусыз болады;
- қалауымызша көшірмелер жасауға болады;
- мәтінге сурет, сызба және т.б. қоюға болады
- компьютер жадында мәтінді сақтауға болады және алдағы кез келген уақытта қолдануға болады.
Яғни, біз айта аламыз, ДК-де мәтінді құжаттар құрайтын арнайы бағдарламалар қажет деп. Қазіргі кезде бірде-бір құжат қолдан жасалынбайды, олар электронды түрде арнайы бағдарламалар арқылы жасалады, ондай бағдарламалар Мәтіндік редакторлар. Осындай бағдарламаның бірі-Microsoft Word.
2-сұрақ: Ал енді осындай керемет бағдарламалар арқылы біз қандай құжаттар жасай аламыз?
Біз хаттар, кітап, есеп, деректері бар кестелер, баяндамалар, мақалалар, рефераттар, брошюралар, шақыру билеттерін, открыткалар, пошталық хабарлар және Web-беттерін, сонымен қатар графикалармен жұмыс жасай аламыз.
ә) Презентация. Microsoft Word бағдарламасы
Word работа с таблицей..ppt
Пән бойынша алған білімдерінді жалпы қайталау үшін қазір «Информатик-бизнесмен» атты ойын ойнайық. Ойын шарты мынадай: екі топқа бөлінеміз. әрбір топ банк әкімшілігі болып табылады. Бастапқы капитал 1000 доллар. Топ ойыншыларына түрлі деңгейде тапсырмалар беріледі. Жауаптарына сәйкес топ капиталы көбейеді. Ең байбанк жеңімпаз болып табылады. Енді әр топтың Президенттеріне сөз бермей тұрып, сынау үшін логикалық есептер беремін.
---
---
банк президенттері өз қызметкерлерін сайлап алады. Олар дайын бэйджиктерді: банкир, кассир, контролер, менеджер, күзетші болатын оқушыларға береді, олар кеуделеріне тағып алады.
Енді әр банк Президенті өз банкісі туралы әңгімелеп береді.
Банкирлер сайысы: Microsoft Word бағдарламасында 2030 жылы өз банкін, Қазақстан болашағын қалай елестететінің бейнелеу.
Бас бухгалтерлер сайысы: Жыл сайын бірнеше мың доллар таза пайда түсетін болса, 2030 жылы банк капиталы қаншаға толығады?
1. Формула арқылы 2030 жылының таза пайдасын есептендер.
2. Әр шоғырландырманың жылдар бойынша түсетін таза пайдасын, формула бойынша есптеңдер.
3. Таблицаны безендіріндер.
4. Диаграмма тұрғызыңдар.
Бухгалтерлік баланс
Таза пайда түсетін шоғырландырма 2008 2009 2010 2020 2030
1. акциялар 1000000 2000000 5000000 4200000 12200000
2. Инвестициялық бағалы қағаздар 5000000 5000000 7000000 8000000 25000000
3. Сауда бағалы қағаздар 1200000 4500000 1000000 4000000
4. Мекемелердің кредит қаражаты 2200000 4700000 6300000 5000000
5. Клиеттер қаражаты 4000000 2200000 1400000 3000000
6. Қымбат бағала металдардан жасалатын сауда операциялары 55000000 71000000 22000000 90000000
Бақылаушы сайысы: Microsoft Word бағдарламасында банктің Қазақстан экономикасында алатын орны, қызметкерлері туралы құжат құру.
р/с Суреті Аты-жөні Туған жылы қызметі Мекен-жайы
1. Таблицаны берілген түрде форматтаңдар.
2. Таблицаны мәліметтермен толық толтырыңдар.
3. «Суреті» деген бағанаға әр қызметкердің суретін кірістіріңдер.
4. Таблицаның стилін өзгертіндер, безендіріңдер.
Менеджерлер сайысы: Microsoft Word бағдарламасында өз банкін ҚР-ның алдыңғы қатарлы банктердің бірі ретінде жарнамалау.
Күзетшілер сайысы:
1. зейінді аудару және тұрақтылығын тексеруге арналған логикалық тапсырмалар.
Мақсаты: оперативтік есті дамыту.
Инструкция: мен сендерге 5 сан айтамын (5,2,7,1,4) сендердің міндеттерін оларды есте сақтап, содан соң бірінші санмен екінші санды оймен қосып, шыққан қосындыны жазамыз, екіншімен үшіншіні қосып, қосындысын жазамыз, үшінші мен төртіншіні қосымызда қосындысын жазамыз, төртінші мен бесіншіні қосамыз да қосындысын жазамыз, сендерде алынған және жазылған сан-4 болуы керек. Санауға 15 секунд беріледі.
Сандардың қатары кілті
А) 5,2,7,1,4 А)7,9,8,5
ә) 3,5,4,2,5 ә)8,9,6,7
Б) 7,1,4,3,2 Б)8,5,7,5
В) 2,6,2,5,3 В)8,8,7,8
Г) 4,4,6,1,7 Г)8,10,7,8
Крассворд шешу.
Президенттер сайысы: Қарсы топ Президентіне 10 сұрақ дайындау және оның сұрақтарына жауап беру.
Әр банк қызметкерлері істеген жұмысын флэшкаға салып, бас компьютерге келіп, принтерден шығарып көрсетеді.
Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.