Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері» -

«Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 265 | Просмотров: 3016 | Размер: 8.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Көп бейінді №3 мектеп – гимназиясы

Тақырыбы:


Информатика сабағы
8 «а» сынып

Информатика пәні мұғалімі:
Шакенова Ж.С.

Өскемен, 2011
Информатика пәні мұғалімі: Шакенова Ж.С.
Күні: 10.12.2011
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді, графикалық мүмкіндіктерін, яғни сурет кірістірудің бірнеше мүмкіндіктерімен танысады, үйренеді;
Дамытушылық: Оқушылардың WORD редакторымен жұмыс істеу дағдысы
қалыптасады, пәнге деген қызығушылығы, шығармашылығы артады;
Тәрбиелік: Оқушылар ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технология
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, таратпа тапсырмалар;
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс – әрекеті Оқушы іc - әрекеті
Қызығушылықты ояту Амандасады, сыныпты түгендейді.
Тәуелсіздікке арналған слайд, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 20 игі іс туралы айтады. Кезекші оқушыларды түгендейді.
Оқушылар Тәуелсіздік туралы білгендерін айтады.
Мағынаны ажырату Жаңа тақырып слайдтар көрсетеді, практикалық компьютерде тапсырмалар таратады. Жаңа тақырыппен танысып, практикалық тапсырмаларды орындайды.
Ой – толғаныс Әр оқушы жасаған жобаларын, яғни Тәуелсіздікке арнап шығарған газеттерін қорғайды.

Бағалау: Жасаған жобаларына сәйкес бағалау.
Үйге тапсырма: 7 тарауды қайталап оқу, тақырып соңындағы практикумдарды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.