Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Модельдің түрлері. -

Модельдің түрлері.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3198 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Модельдің түрлері.
Мақсат: Оқушыларды модельдің түрлерімен таныстыру. Модельдің түрлерін ажырата білуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды модельдермен және модельтүрлерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Модель дегеніміз не?
2) Модельдеу деп нені айтады?
3) Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
4) Модельдеудің мақсаты қандай?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірбиелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Қолдану аймағына қарай модельдерді қандай топтарға жіктейміз?
2. Оқу моделі дегеніміз не?
3. Ойын модельдеріне не жатады?
4. Модельдерді көрсетілу әдістеріне қарай қандай түрлерге бөлеміз?
5. Ақпараттық модель дегеніміз не?
Тапсырма №1.
Әр модель түріне бір-бірден мысал келтіріп, дәптеріңе жаз және ол неліктен дәл осы модель түріне жатады, түсіндіріп бер.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды модель түрлерімен және оларды анықтау жолдарымен таныстыру.

7) Үйге тапсырма
Модель түрлері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.