Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Монитор. Пернетақта. Маус. -

Монитор. Пернетақта. Маус.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2702 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Монитор. Пернетақта. Маус.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру, енгізу-шығару құрылғыларын жалпы шолу, дербес компьютернің шығару құрылғысы монитормен таныстыру, пернетақтаның арналуы және таратылуымен таныстыру, әр түрлі алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуді көрсету, пернетақтамен істеу әдістерімен таныстыру,
тәрбиелік: оқушыларды саналыққа , ұқыптылыққа,
компьютерлік техниканы дұрыс пайдалана
білуге тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
2. «Марк-1» машинасы қандай элементтерден жасалды?
3. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.
Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
Пиксель – монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) қызыл, жасыл, көк.
Қазіргі дисплейлердің басты бөлігі электронды-сәулелік түтікше (ЭСТ) болып табылады.
ЭСТ – іші люминоформен қапталған, тік төртбұрышты экраны бар, енсіз шыны цилиндр. ЭСТ ішіндегі арнайы конструкция – электрондық зеңбірек экранда кескін шығу үшін, электрондар ағынын шығарып, оны өте жоғары жылдамдыққа дейін үдетеді.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады.
Пернетақта бірнеше блоктарға бөлінеді:
- Символдық пернелер
- Фукционалдық пернелер
- Нұсқаушы немесе меңзерді басқару пернелері
- Цифрлық пернелер

Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады.
Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, ..., F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.
Нұсқаушы немесе меңзерді басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді.Бұл пернелер символық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелкалар) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады.
Осы айтылған бөлектерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олар:

Backspace пернесінің көмегімен меңзердің сол жағындағы символды өшіруге болады.

Delete - пернесінің көмегімен меңзердің сол жағындағы символды өшіруге болады

Бос орын - пернесінің көмегімен меңзердің сол жағындағы символды өшіруге болады

Shift пернесі кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріптерді енгізу үшін Shift пернесін басып тұрып, одан соң символдық пернелерді басады да, қажетті әріптерді тереді.

Caps Lock егер бұл пернені бір рет басса (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледі.
Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. Команда символдық пернелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернеақтаның жадында салқталады да, компьютерге сендер Enter пернесін басқаннан кейін жетеді.
Num Lock пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер Num Lock пернесін бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал оны тағы бір рет басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады (пернелердегі цифрлар орнына - бағдаршалар).
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Маус» (тінтуір) манипуляторымен жабдықталған.
Маус (тінтуір) – басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы. Қазіргі кездегі графикалық тілдесуі бар амалдық жүйелерді басқару үшін аса қажет құрылғы.

V Жаңа сабақты бекіту
1. Тапсырма. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр.

№ Перне аты Перненің қызметі
1. Enter
2. Num Lock
3. Caps Lock
4. Shift
5. Backspace
6. Delete
7. Бос орын

2. Компьютерге отырып бір шумақ өлеңді теру
Ана тілі
Ана тілім – әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой-саламның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

(Төкен Әбдірахманова)

VІ Жаңа сабақты қорытындылау
1. Монитор не үшін керек?
2. Пернетақта қандай құрылғы?
3. Пернетақта неше блоктан тұрады?
4. Ең ұзын перне қалай аталады?
5. Num Lock пернесінің қызметі?
6. Enter пернесінің қызметі?
7. Маус дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

VІІ Оқушы білімін бағалау
VІІ Үйге тапсырма беру
40-45 бет монитор, пернетақта, маус тақырыптарын оқу, пернелердің қызметтерін жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.