Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
MS Access әлемінде. -

MS Access әлемінде.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3421 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №9 АТК



математика, информатика, физика пәндері бойынша
АШЫҚ САБАҚ





Дайындағандар: Ускина Ж.С.
Ахметова Г.М.


2013-2014 оқу жылы
Ашық сабақтың жоспары

Пән: Информатика
Тақырыбы: MS Access әлемінде.
Күні: 15.05.2014
Топ: Ф-11
Сабақтың мақсаты:
1. Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
2. Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, студенттердің дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: білімді меңгеру деңгейін байқау
Әдісі: ой-қозғау – «ойын-сабағы»
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма, слайдтар, мультимедиа проектор .

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1 Студентердің сабаққа дайындығын тексеру
1.2 Студенттердің зейінің сабаққа аудару
2. Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
3. Сабақтың актуалдылығы
4. Сабақтың барысы
4.1«Қас – қағым сәт» Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4.1 «Ғажайып үштік»кезеңі. Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.
4.2 «Логика» Пәндер бойынша логикалық сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4.3 «Шебер қолдар» ойыны. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Әр дұрыс пішінге 1 балл қойылады.
4.4 «Кім білгір» ойыны. Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Әр дұрыс 5жауапқа 1 балл қойылады.
4.5 «Қызықты жұмбақтар». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4.6 «Мақал –мәтілдер жалғасын тап». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады..
4.7 MS Access – тен тесттік сұрақтар. Экранда баллды өзі береді.
5. Қорытындылау
6. Бағалау: Студенттердің жинаған баллдары бойынша.
7. Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: MS Access әлемінде.
Мақсаты:
1. Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
2. Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, студенттердің дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: білімді меңгеру деңгейін байқау
Әдісі: ой-қозғау – «ойын-сабағы»
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма, слайдтар, мультимедиа проектор .

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1 Студентердің сабаққа дайындығын тексеру
1.2 Студенттердің зейінің сабаққа аудару
2. Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
3. Сабақтың актуалдылығы
4. Сабақтың барысы
4.1«Қас – қағым сәт». Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4.2 «Ғажайып үштік»кезеңі. Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.
4.3 «Логика» Пәндер бойынша логикалық сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4.4 «Шебер қолдар» ойыны. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Әр дұрыс пішінге 1 балл қойылады.
4.5 «Кім білгір» ойыны. Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Әр дұрыс 5жауапқа 1 балл қойылады.
4.6 «Қызықты жұмбақтар». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4.7 «Мақал –мәтілдер жалғасын тап» Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады..
4.8 MS Access – тен тесттік сұрақтар. Экранда баллды өзі береді.
5. Қорытындылау.
6. Бағалау. Студенттердің жинаған баллдары бойынша.
7. Үйге тапсырма беру
ІІІ. Сабақтың актуалдылығы
Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика, информатика жайында
Ойын сабағымызды бастаймыз.
1 - студент
Азаматтық ақыл-кенін ашқандар
Архимед, Ньютон мен Паскальдар
Сусындаған өзің сынды ұстаздан
Ізгі мәңгі өшпейді дастандар
2-студент
Информатика әлемі
Қызығы мол әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік біз енді
IV. Сабақтың жүруі
4.1. «Қас-қағым сәт» кезеңі. Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
Физика
1. Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатсты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех.қозғалыс)
2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)
3. Жылу берілу кезінде дененің алған немесежоғалтқан энергиясы ( жылу мөлшері)
4. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)
5. Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)
Математика
1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бұйірлі)
2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
3. Квадрат пен ромбның перимертлері бірдей. Қай фигураның ауданы бірдей (квадрат)
4. 4 әр түрлі оң сандардың көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)
5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)
Информатика
1. компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз. – ол … (Деректер қоры)
2. мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер. (Кестелер)
3. жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. – бүл (Сұраныс)
4. мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелік құжаттар. (Есептер)
5. мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.? (Конструктор)
4.2. «Ғажайып үштік» кезеңі.
Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.

Математика 10 20 30

Физика 10 20 30

Информатика 10 20 30



Пәндер аты
Сұрақтары

Жауабы
Информатика 10 Экранға мәліметтерді енгізу мен бейнелеуге негізделген объект қандай? Форма
Информатика 20 белгілі бір мақсатта шектеулі әрекет-тер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шебер
Информатика 30 жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған не, Макростар
Физика10 Күштің өлшем бірлігі? Ньютон
Физика 20 Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал Амперметр
Физика 30 Тоқтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар? Джоуль – Ленц
Математика 10 Таңбалары қарама – қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? Теріс
Математика 20 Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? Ондық
Математика 30 Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Ол қандай сан? 111


4.3. «Логика»
Пәндер бойынша логикалық сұрақтар
Математика
1. Кез –келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал (111-11=100)
2. Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық
9 9 9 = 72 (9*9)-9=72
44 44 = 1 44 / 44 = 1
5 5 5 5 =50 (5 *5 )+ (5 * 5) =50
3. Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына 1 апельсиннен тиды. Ол қалай болуы мүмкін. (мұнда әңгіме атасы, әкесі және баласы жайлы жүреді)
4. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5,5)
5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы тиіс (20 рет)
Физика
1. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)
2. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)
3. Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады (аспалы сағат)
4. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
5. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)

4.4. «Шебер қолдар» суретшілер сайысы.
Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!

4.5.«Кім білгір» ойыны
Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық
13,21,54,212,10009,1338,66,2999,689,1000,4099
11,25,45,313,11111,1447,77,3999,889,3002,9090
18,32,65,345,10010,1399,89,1899,669,2002,9999

4.6. «Қызықты жұмбақтар»
Физика пәні бойынша
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
3 Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)
5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Иформатика
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
3.Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)
5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтуір)

Математика
1. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)
2. Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін-бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
3. Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
4. Қарама –қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)
5. Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік)

4.7.«Мақал –мәтелдер жалғасын тап»
Физика
1. Түйені жел қозғаса
Ешкіні .... аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)
2. Жел соқпаса.... шөптің басы қозғалмайды (күш)
3. Аузы күйген, .... үрлеп ішер (Кебу)
4. Ай мен күн ауысты
Тәулікті .... тауысты (жерлің өз осімен айналуы)
5. Ай жоғары әлемге
Күн жоғары ..... төменге (жарық сәулесі)
Математика
1. Екі жақса қас болмас
Екі жаман .... ( дос болмас)
2. Алты жыл аш болсаңда, .... (атаңның салтын ұмытпа)
3. Жеті жұрттың тілін біл, ... (жеті түрлі білім біл)
4. Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)
5. Қызға ..... (қырық үйден тию)
Информатика
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)
4.8.MS Access – тен тесттік сұрақтар
1. Деректер қоры дегеніміз не ?
A. Арнайы ұйымдастырылған жазулар мен файлдар тізбегі*
B. Арнайы ұйымдастырылған файлдар тізбегі
C. Тізім түрінде ұйымдастырылған жазулар тізбегі
D. Арнайы ұйымдастырылған жазулар тізбегі
2. Access қалай құрылған ?
A. Си тілінде құрастырылған.
B. Деректер қорын басқару жүйесі негізінде құрылған.
C. Деректер қорын басқаруды реляциялық модель негізінде құрылған*.
D. Fun тілі негізінде құрастырылған.
3. Деректер қорының негізгі объектілерін есепте?
A. Кестелер, отчеттар, макростар және модульдер.
B. Кестелер, сұраулар, формалар,отчеттар, макростар және модульдер*
C. Кесте және модуль.
D. Кестелер, сұраулар,формалар,отчеттар
4. Access объектісіне әрекеттерді сипаттау енгізіледі:
A. Отчет
B. Кесте
C. Сұрау
D. Макрос*
5.Қолданушының деректер қоры не үшін қолданылады?
A. атаулы режимде *
B демонстрациялық режимде
C. жасырын режимде
D. арнайы режимде
6. Мектеп оқушыларының есебі туралы деректер қоры жасақталды. Бұл деректер қорында қандай алаң қажет емес?
A. Тегі, аты, әкесінің аты
B. Мектептегі сыныптар саны*
C. Мекен-жайы, үй телефоны
D. Сынып
7. Деректер қоры алаңының сипаттамасына не енбейді?
A. аты
B. типі
C. ұзындығы
D. кілті*
8. Деректер қорымен жұмыс жасау кезінде қандай ұғым қолданылмайды?
A. Ұяшық (тор) *
B. Алаң
C. Идентификатор
D. Кілт
9. Деректер қорында алаң типі (сандық, мәтіндік және т.б.) қалай анықталады?
A. алаң аты
B. алаң ені
C. жолдар саны
D. деректер типі*
10. Деректер қорындағы кілт дегеніміз:
A. Деректерді өңдеуге негізделген арнайы құрылым
B. Нақты объект немесе процесс параметрлерінің бір мәнін сақтауға негізделген деректер қорындағы жай объект
C. белгілі бір параметрлер бойынша деректерді топтау процесі
D. Нақты объектердің типтік қасиеттерін сипаттайтын логикалық түрде байланысқан алаңдар жиынтығы *
11. Деректер қорының негізгі элементі болып табылады:
A. алаң*
B. форма
C. кесте
D. жазу
12. Деректер қоры кесте түрінде берілген. Жазу нені құрайды?
A. кестедегі алаң
B. алаң аты
C. кестедегі жол*
D. ұяшық
13. Сұрау дегеніміз не?
A. Мәліметтерді шығаруға негізделген объект
B. Экранға мәліметтерді енгізу мен бейнелеуге негізделген объект.*
C. Экранға мәліметтерді бейнелеуге негізделмеген объект.
D. Мәліметтерді енгізуге негізделген объект.
14. Форма дегеніміз не?
A. Мәліметтерді енгізуге негізделген объект.
B. Экранға мәліметтерді шығаруға негізделген объект.
C. Мәліметтерді енгізуге негізделмеген объект.
D. Экранға мәліметтерді енгізу мен бейнелеуге негізделген объект.*
15. Отчет дегеніміз не?
A. Құжаттарды өшіруге негізделген объект.
B. Құжаттарды құруға негізделген объект.*
C. Құжаттарды сақтауға негізделген объект.
D. Құжаттарды қағаз бетіне шығаруға мүмкін болмайтын объект.
16. Деректер қорын құру қанша кезеңнен тұрады?
A. 2 кезең: деректер қорын жобалау және мәліметтерді енгізу*
B. 1 кезең: деректер қорын жобалау.
C. 2 кезең: деректер қорын жобалау және мәліметтерді шығару
D. 3 кезең:. деректер қорын жобалау және мәліметтерді енгізу мен шығару
17. Конструктор батырмасын орындауда қандай мүмкіндік береді?
A. Кесте мәтіндерін сұрыптау үшін қолданылады.
B. Кестені анықтауда өзгеріс енгізу үшін қолданылады.
C. Кестеге өзгерістер енгізу мен оларды қарау үшін қолданылады*
D. Кесте мәтіндерін сұрыптау үшін қолданылмайды.

18.Деректерді іздеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
A. Правка →Заменить.
B. Правка →Вставить
C. Правка →Копировать.
D. Правка →Найти.*
19. Қазіргі уақытта деректер қорының қанша моделі бар ?
A. 4
B. 3
C. 5*
D. 2
20. ACCESS-те конструктор режимі мүмкіндік береді:
A. Кестені және сұрауды басқару элементтері арқылы қалыптастыру *
B. Файлдық құрылымның мәліметтері
C. Кішіден үлкен мәнге реттелген мәліметтер
D. Түбірлік сөздерді сипаттайтын деректер қоры
21. Сұрау негізінде қалай құруға болады?
A. Жаңа деректер қоры.
B. кестені.*
C. Форманы.
D. Отчетты.
22. Деректер қорынан ақпараттарды шығару қандай құрал көмегімен жүзеге асады?
A. Сұрау.
B. Кесте.
C. Отчет.
D. Кесте және форма*
23. Отчеттің тиімділігі қандай?
A. Деректерді жаңарту.
B. Отчетты жаңарту.
C. Кестелермен байланысқан ақпараттарды енгізе отырып, оларды ыңғайлы жерге орналастыру.*
D. Алаңды жаңарту.
24. Деректер қорының желілік моделі дегеніміз не?
A. Желілікті сипаттайтын деректер қоры
B. Желілік құрылымдағы деректер қоры*
C. 1970 жылы Э.Коддом ұсынған деректер қоры
D. Төменде орналасқан әрбір жазу жоғарыда орналасқан тек бір жазумен ғана байланысты деректер қоры
25. Қолданушы деңгейінде деректер қорының түрі қалай аталады?
A. диаграмма, гистограмма
B. мәтіндік редакторде редакторленген мәтіндік құжат
C. кесте, отчет, форма *
D. графиктік редакторда редакторленген сурет.
V. Қорытынды:
Көңілді болып бұл сабақта,
Қатысушы студенттерге көп рахмет!
Ойын сабағымызды аяқтаймыз.
VI. Баға қою. Студенттердің жинаған баллдары бойынша.
VII. Үйге тапсырма беру. Деректер қорын толық қайталау

«Келісілді»

ОІЖО: Молдасламова А.С
Әдіскер: Байжуманова И.В.
ӘЦКО: Ускина Ж.С
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.