Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
MS Excel-де формуланы енгізу және  көшіру. -

MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 283 | Просмотров: 2522 | Размер: 150.5 Kb | Автор: arai
. Сабақтың тақырыбы: § 8.3. MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І-кезең (7 мин)
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8.2 тақырып. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
а) Оқушыларға семантикалық карта таратып беремін.
ә) Сұрақтарға жауап беру (слайд 8).
Семантикалық карта (дұрыс жауапты «+» белгісімен бересіз)
Жауаптары Кез келген электронды кестенің ұяшығына мына ақпараттарды енгізуге болады.
Сан
Бейнелік
Мәтіндік
Сурет
Формула

Жауаптары 27 =A5+B5*C5 -55.99 немесе
а 55,99
Сан
Формула
Мәтін

Жауаптары Берілгендерді редакциялау үшін: 2 әдісі
Ұяшықты белгілеп, Ғ1 пернесін басу
Ұяшықты белгілеп, Ғ2 пернесін басу
Ұяшықты белгілеп, Ғ3 пернесін басу
Ұяшықты белгілеп, формула жолында редакциялау

ІІ-кезең (20-22 мин) технология бойынша синектикалық бөлім.
ІІІ. Жаңа тақырып
а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. (оқып шығу 5 мин) 4-топқа тақырыпшаларды бөліп, оқитын бөліктерін белгілеп беремін.
Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын. Нөмірленген 4 парақ таратып беремін.
Талқылауға арналған маңызды тақырыпшалар:
• Функция шебері, автоқосынды;
• Формулаларды көшіру;
• Салыстырмалы және абсолют сілтемелер;
• Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру;
ә) «Эстафета» тәсілі: Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Белгі бойынша оқушылар жаңа тақырыптан оқыған командаларын, батырма, белгілерін жазып, бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). (4 мин)
Қай топ анық, нақты жауап бергенін анықтап, жеңімпаздарды белгілеймін. (3 мин)
Электрондық кестедегі формула – кестелік процессор аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық мәні.
Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:
• Формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
• Функция батырмасын немесе вставка функций командасын орындау;
• Функция шебері диалогтік терезесінде функция типін, содан кейін функцияны таңдау;
• ОК батырмасын шерту.
Формулаларды көшіру:
• Сол формуласы бар ұяшықты белгілеу;
• Түзету (Правка) – Көшіру (Копировать) командасын шақыру немесе көшіру батырмасын шерту (ұяшық маңынан бөлік буферге енді деген үзік сызықты қоршау көрінеді);
• Түзету – Қою (Вставить) командасын шақыру.
Салыстырмалы және абсолют сілтемелер:
• Формуланы көшіру кезінде өзгеріске ұшырайтын сілтемелер салыстырмалы деп аталады.
• Формуланы көшіру кезінде сілтеменің кейбір индекстері өзгермес үшін, $ символын қолданады, оны абсолют сілтемелер дейді. мыс. =CУММ($B$2:$D$2
Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:
• орын ауыстыратын ұяшықты белгілеу;
• түзету – Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру немесе қиып алу батырмасын шерту;
• бөлік қойылатын ұяшықты белгілеу;
• түзету – Қою (Вставить) командасын шақыру.
б) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау (Excel бағдарламасында практикалық жұмыс)
8.3 практикум. MS Excel-дегі формулалар. Интерактивті әдіспен көрсете отырып, түсірдіремін.
в) «Сұрақ-жауап» тәсілі:
Содан кейін әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды, ол сұраққа оқушылар немесе мұғалім жауап береді.
IV. Практикалық жұмыс.
ІІІ-кезең. (кері байланыс) Деңгейлік тапсырмалар орындау (14 мин)
Оқушыларға компьютерде MS Excel-де деңгейлік тапсырмалар орындау ұсынылады: Деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:
1-деңгей - 5 балл, бағасы «3»
2-деңгей - +4 балл = 9 балл, бағасы «4»
3-деңгей - +3 балл = 12 балл, бағасы «5»

1-деңгейлік тапсырма
Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға көлденеңнен қосындыларын есептеу керек.
28 26 41
36 35 13
45 56 75
12 89 64
2-деңгейлік тапсырма
V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.
S 120 590 78 1268
t 2 6 0,7 28
V

3-деңгейлік тапсырма
Көбейту кестесін Пифагор кестесі түрінде жасау
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Ескерту. Кесте ұяшықтары бағандар мен жолдардың көбейтіндісі формуласымен толтырылады. Формулада абсолюттік адрестеу қолданылады
1
2
3
4
5
6
7
8
9

«Ашық журнал» (тақтада ілініп тұрады).
Ашық журнал
Информатика пәні бойынша 8 «а» сынып
Тақырып: Формуланы енгізу және көшіру

№ Оқушылардың аты-жөні 1-деңгей (5 балл) 2-деңгей (4 балл) 3-деңгей (3 балл) Барлық балы Бағасы
1
2
3
4
5

V. Сабақты қорытындылау:
Бағалау: MS Excel-де жасалған электронды журналда оқушының бағалары қорытылып шығады, диаграмма түрінде беріледі. (2 мин)
Үйге тапсырма: § 8.3. Формуланы енгізу және көшіру. (мазмұндау)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.