.
.
Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы MS Excel- диаграммаларды құру редакциялау және форматтау .
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 369 | Просмотров: 1853 | Размер: 20.1 Kb | Автор: araiТақырыбы: MS Excel- диаграммаларды құру редакциялау және форматтау
(8 сынып)
Өткізген: Жанкулова Н.Х.
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: MS Excel- диаграммаларды құру редакциялау және форматтау
Сабақтың мақсаты:
білімділік:Оқушылар Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі типті диаграммаларды жәнеграфиктерді қойып үйрену ;
дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту,диаграммаларды баспаға шығарып үйрену.
тәрбиелік: Оқушыларды жүйелікке, бірізділікке, ұқыптылыққа уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтын әдісі: практикалық
Сабақтың көрнекіліктері: ДК, Excel-де диаграмма тұрғызу қадамдары, плакат,кестелер, ақпараттық диктант, «диаграмма» сөз жұмбағы.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Кім көп біледі?» Слайдттағы сұрақтарға жауап беру.
1. MS Excel- ді іске қосу қалай жүзеге асырылады?
2. Excel-дің терезе элементтерін ата?
3. Жұмыс беті неше кітаптан тұрады, оны қаншаға көбейтуге болады?
4. Қандай команда арақылы парақ қосуға болады?
5. Әр бет қанша баған мен қанша жолдан тұрады?
6. Excel—де деректерді сақтау қалай орындалады?
7. Excel-де деректерді баспаға беру қалай жүзеге асырылады?
8. Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін ата?
9. Диаграмманың қандай типтері бар?
10. Дайын кесте үшін диаграмма құру неше қадамнан тұрады?
11. Диаграммаға өзгерістерді қалай енгізуге болады?
12. Диаграмма элементтерін ата?
ІІІ. «Кім епті?» Оқушыларға компьютермен жұмыс тапсырылады
№1 тапсырма: Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Күніне 4 рет тамақтанганда асты былай мөлшерлеу дұрыс (% есебімен)
Ертеңгі ас 15%
Түскі ас 40%
Сәскелі ас 15%
Кешкі ас 20%
№2 тапсырма: Мұхиттардың беткі аудандарының ара қатынастары
Үнді мұхиты 20,8
Тынық мұхиты 49,8
Атлант мұхиты 25,8
Солтүстік мұзды мұхиты 3,6
№3 тапсырма: 1900-2000 жылдардағы халық санының көрсеткіші төмендегідей тарихи деректермен толтырылады.
X(жыл есебімен) 1900 1920 1940 1960 1980 2000
У(халық саны млн. есебімен) 5,000 4800 3750 4470 7990 123000
ІV. «Ақпаратық диктант» Оқушыларға ақпараттық диктант таратылып беріледі
..................-мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі болып табылады Қазіргі ........... процессорлар статистикалық деректерді түрлі..........., графиктермен, схемелармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді. Диаграммалар деректерді ........., түрде көрсетуге арналған. Диаграмма мынандай элементтерден тұрады: тор, ...., және .........
Орындаған:.....................................
Жауап: ............................................ Дұрысы:................... Қате: ..........................
V. «Аукцион» ойыны. Қалаған затын алу үшін сәйкесті сұраққа жауап беруі тиіс.
1. Сәйкетендіру сауалнамасы
2. Диаграммаға сипаттама беріңдер(тақырыбы, түрі, аңыз)
3. Жұмыс парақтарымен амалдар орындау
4. Диаграмма элементтерін сәйкестендір
VІ. «Кім тапқыр?» Диаграмма тұрғызу қадамдарын сәйкесінше сұрақтарға жауап бере отырып, сұрақтың екінші бетіндегі компьютердің негізгі құрылғыларының бірін табу.
1. MS Excel-ді іске қосу қалай жүзеге асырылады.
2. Кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі
3. Диаграмма тұрғызуға дайындықтың алғашқы шарты
4. Диаграмма тұрғызудың 1-ші қадамында қандай әрекет жүзеге асырылады?
5. Диаграмма тұрғызудың 2-ші қадамында қандай әрекет жүзеге асырылады?
6. Диаграмма тұрғызудың 3-ші қадамында қандай әрекет жүзеге асырылады?
7. Диаграмма тұрғызудың 4-ші қадамында қандай әрекет жүзеге асырылады?
Шыққан жауап:
VІІ. «Диаграмма» сөзжұмбағы. Оқушылар шығармашылығы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.