.
.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі «MS Word мәтіндік редакторы»
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1614 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы:
«MS Word мәтіндік редакторы»
Сыныбы: 8 «б»
Информатика пән мұғалімі: Нарбаев Даулет
Пәні: информатика .
«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле.»
Жүсіп Баласаұғын
Сабақтың тақырыбы: «MS Word мәтіндік редакторы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Білімділік: Оқушыларға терең MS Word мәтіндік редакторын ұғындырып, осы бағдарламаны толық меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылырдың сабаққа деген қызығшылығын арттырып, ой - өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мултимедиалық тақта, картчкалар, жетон.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Асыл тасты сұрақтар.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Тапсырма №1.
2. Тапсырма №2.
V. Қорытындылау.
VI. Білімгерлердің білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі 1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгелдеу.
3) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
4) Компьютерлерді қосу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Үй тапсырмасы мәтінмен жұмыс істеу болатын. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұарқтарға жауап беруіміз қажет.
Егер дұрыс жауап берсе, Орташа жауап берсе, тіпті нашар жауап берсе
Осы жетондар арқылы бағаланады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Microsoft word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
• құжаттарды құру және теру;
• қаріптер жиынын пайдалану;
• кестелер, графиктер пайдалану
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
• Математикалық формулаларды енгізу күрделі;
• Растрлық графикаларға арнлмаған
Мәтіндік процессорды бірнеше жолмен қосуға болады:
1. Негізгі менбден Жіберу =>Программалар => Microsoft Office => Microsoft word командаларын орындау арқылы;
2. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді орындауға болады:
1. Файл =>Шығу командаларын таңдаңыз;
2. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
3. Microsoft word прогрпммасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушыларға тапсырмалар беру. №1 тапсырма. Әр оқушы өзінің сыныбын, мектебін, достарымен өз аты-жөнін әр түрлі қылып безендіру арқылы жазады және сурет қойып, шетіне граница қойады.
№2 тапсырма оқушылар бүгінгі өткен сабақты қорытындылау ретінде кесте толтырады. Бұл кестенің мақсаты Microsoft word бағдарламасының мүмкіндіктерін әр оқушы біртіндеп жазады.
Ү. Қорытындылау.
Ү. Үйге тапсырма беру:
1.Microsoft word бағдарламасына 5 сұрақтан тұратын тест құру.
2. Microsoft word бағдарламасын оқып келу.
ҮІ. Бағалау.
Осы мен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгінгі сабақты қорытындылай келе оқушылар Microsoft word туралы жетік меңгере отырып оның жалпы мүмкіндіктерімен танысты. Білімді болу әр оқушының міндеті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.