Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Объектілерді топтастыру, әртүрлі белгілер бойынша  ақпаратты топтастыру. -

Объектілерді топтастыру, әртүрлі белгілер бойынша ақпаратты топтастыру.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1899 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Объектілерді топтастыру, әртүрлі белгілер бойынша ақпаратты топтастыру.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар біз жаратылыстану бағыты бойынша 11 класқа келіп отырмыз. Енді информатика сабағын аптасына 1 сағат өтеміз. Яғни жаратылыстану бағыты бойынша біз осы пәннің осы бағытқа байланысты қандай мәндері бар екенін білетін боламыз. Біз бүгінгі сабақта электронды есептеуіш машина алдындағы қауіпсіздік ережелерімен танысамыз. Әрине, бұл ережені біз 7 кластан бастап білеміз. Көзімізге, денелерімізге жаттығулар жасауды да білеміз.
Жаңа сабақ
Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде маңызды ұғым объектілерді топтастыру бо-лып табылады.
Топтастыру-объектілерді ( заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдар-ды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі.
Объект дегеніміз материалдық немесе материалдық емес қасиеттің кез келген заты, үдерісі, құбылысы болып табылады. Топтастырудың жүйесі объектілер-ді топтауға және қасиеттері ортақ болып сипатталатын белгілі бір топтарды бөлуге мүмкіндік береді. Объектілерді топтастыру –біртекті қасиеттерді бө-луге бағытталған сапалық деңгейдегі топтасудың рәсімі.Топтастыру объек-тісі ретінде ақпаратқа тән бөлінген топтарды ақпараттық объектілер деп атайды.
1-мысал. Мектеп туралы барлық ақпаратты ортақ қасиеттерімен сипаттала-тын көптеген ақпараттық объектілер бойынша топтастыруға болады:
оқушылар туралы ақпарат – «Оқушы» ақпараттық объектісі ретінде,
оқутушылар туралы ақпарат-«Оқытушы» ақпараттық объектісі түрінде,
сыныптар туралы ақпарат – «Сынып» ақпараттық объектісі түрінде.
Реквизит – объектінің ,үдерістің, құбылыстың және т.б. белгілі бір қасиет-терін сипаттайтын, логикалық жағынан бөлінбейтін ақпараттық элемент.
Топтастырушы – топтастырушы топтардың атаулары мен кодтарының жүйелендірілген жиынтығы.
Топтастырудың иерархиялық жүйесі.
Топтастырудың иерархиялық жүйесі төмендегіше құрылады:
элементтердің бастапқы көпшілігі 0-дік деңгейді құрайды және таңдалған топтастыру белгісіне байланысты кластарға(топтасуға) бөлінеді, бұл 1-ші деңгейді құрайды,
1-ші деңгейдің әрбір класы өзіне тән топтастыру белгісіне сәйкес қосалқы топтарға бөлінеді, бұлар 2-ші деңгейді құрайды,
2-ші деңгейдің әрбір класы сол сияқты топтарға бөлінеді, бұл 3-ші деңгейді құрайды және т.б.
Топтастырудың фасеттік жүйесінің иерархиялықтан ерекшелігі топтасты-рудың белгілерін бір-біріне, сондай-ақ топтастырылатын объектінің семантикалық мазмұнына тәуелсіз топтастыру белгілерін таңдауға мүмкіндік береді.
Топтастырудың белгілерін фасеттер(facet-рамка) деп атайды.Әрбір фасет (Фі) аталған топтастыру белгісінің біртекті мағыналарының жиынтығын құрайды.Бұл орайда фасеттегі мәндер өз еркінше орналаса береді, бірақ оларды ретке келтірген дұрыс болады.
Пайда болу орны. Осы белгі бойынша ақпаратты түсетін, шығатын, ішкі, сыртқы деп бөлуге болады.
Түсетін ақпарат – бұл фирмаға немесе оның бөлімшесіне түсетін ақпарат.
Шығатын ақпарат – бұл фирмадан басқа фирмаға, ұйымға (бөлімшеге) түсетін ақпарат.
ІХ. Үйге тапсырма
Объектілерді топтастыру, әртүрлі белгілер бойынша ақпаратты топтастыру.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, лқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.