.
.
« _____________________ жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Объектілермен орындалатын амалдар
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1801 | Размер: | Автор: гость«ТАНЫСТЫМ» «КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН» Директордың оқу ісі Аудандық білім бөлімінің Мектеп директоры:
жөніндегі орынбасары: әдіскері:
___________________ ___________________ _________________________
Қолданбалы курсы
Жаратылыстану - математика бағыты
Тақырыбы:
«Объектілермен орындалатын амалдар»
Пәні: Информатика Сыныбы: 10 Пән мұғалімі: __________________
Пән әдістемелік бірлестік отырысында қаралды. ________________ ж хаттама №_________
ӘБ жетекшісі:_________ __________.
2015-2016 оқу жылы
Түсініктеме хат
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданылады. Олар – әр түрлі қолданбалы және әр түрлі ғылыми аймақтардағы ізденушілер, суретшілер, құрастырушылар, компьютерлік беттеуші (верстка) мамандары, дизайнерлер, мультимедиа-презентацияларының авторлары, медицина мамандары, мата өнімдері модельерлері, фотографтар, сәулетшілер, теле және бейнемонтаж мамандары және т.б. Компьютер экранындағы кескіндер графикалық программалар арқылы құрылады және растырлық, векторлық редакторлар арқылы өңделеді. «Компьютерлік графика және дизайн» курсында иллюстрациялар құру және кескіндерді өңдеуге яғни векторлық және растрлық бағдарламаларға басты назар аударылады.
Оқушылардың шығармашылық мәселесі жеке тұлға психологиясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылар шығармашылығының байқалуы ұсынылған ойлау тапсырмаларын орындау сипаты арқылы анықталады. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің төмендегідей компонентерін ерекшелеуге болады:
- ішкі мотивациясының басымдылық рөлі;
- мәселені қою мен оны шешуде байқалатын зерттеу және шығармашылық белсенділік;
- шешімді болжай білу мүмкіндігі;
- жоғары талғамды өнегелі интелектуалды бағалауды қамтамасыз ететін, идеалды эталондар құру қабілеті.
Ұсынылып отырған элективті курста оқушылардың шығармашылығын дамыту олардың танымдық іс-әрекетін ерекше жолмен ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Курс бағдарламасы оқушылардың зерттеу және шығармашылық ақуалын оятуға мүмкіндік беретін іс-әрекет түрлерін меңгеруге қажетті жағдайлар құруға негізделеді. Бүгінгі таңда Photoshop, CorelDraw программалары компьютерлік дизайн курсын жүзеге асырудағы қуатты программалардың бірі болып табылуда. Бұл курс мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыру және келешектегі кәсіптік мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ету үшін құрастырылған. Бағдарлама осы аталған программаларды меңгеруге қажетті материалдар мазмұнынан тұрады. Курс аптасына 10-11 сыныптарда 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген.
Курстың мақсаты
- оқушылардың санасында әлемнің ақпараттық бейнесін қалыптастыру;
- іс-әрекет құралы ретінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктері;
- компьютерлік интуицияны қалыптастыру;
- компьютерді практикада тек тиімді болған жағдайда ғана пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
Операциялық ойлау стилін қалыптастыру: Ол төмендегідей іскерліктердің болуымен негізделеді:
- есепті формалдау;
- одан логикалық өзіндік бөлімін ерекшелеу, бұл бөліктердің өзара байланысын анықтау;
- технологиялармен орындауға қажетті шешімді жобалау;
- нәтижені анықтау;
- компьютер қамтамасыз ететін қазіргі технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенді шығармашылығын конструкторлық және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- 10-11 сынып оқушыларына осы бағдарламалар құралдарын мысалға ала отырып, растрлық және векторлық графика туралы түсініктерін қалыптастыру және аталған программаларды жеке мақсаттарын жүзеге асыруда, болашақ кәсіби қызметтерінде еркін пайдаланатындай дәрежеде меңгеру.
Курс міндеттері:
- кескіндерді сақтау және тұрғызу принциптеріне тереңірек түсінік қалыптастыру;
- графикалық файлдардың форматтарын меңгеруге және оларды әр түрлі графикалық программаларда қолдануда пайдалану;
- компьютерлік графика негізін әр түрлі графикалық программаларда қолдануды қарастыру;
- графикалық программалар құралдарын пайдаланып оқушыларды өздерінің жеке кескін жұмыстарын құру және редакторлеуге үйрету;
- әр түрлі программалар арасында графикалық деректер алмасуға үйрету.
10 сынып 34 сағат
№ Өтілетін тақырыптар Сағат саны Мерзімі
1 Қолданушы интерфейсі. Терезелермен жұмыс жасау 1
2 Растрлық графика. 1
3 Векторлық графика. Растырлық және векторлық графиканы салыстыру. 1
4 Монитор экранындағы және түстер реңін қалыптастыру. 1
5 Түрлі графикалық программалар түстерін кодтау.HSB түстер моделі. 1
6 Векторлық форматтар. Растрлық форматтар 1
7 Abode Photoshop программасының жұмыс терезесі. Меню ерекшеліктері. 1
8 Кескіндерді ағарту, қарайту тарихы, губка, туралау, алақан. 1
9 Кисть, қарындаш, кисть тарихы, изменение размера изображение. 1
10 Жаңа файл параметрін тағайындау, түс, ластик, пипетка. 1
11 Алдыңғы және артынғы план түсі. 1
12 Бір суретің көшірмесін келесі суретке апару штампы. 1
13 Практикалық жұмыс. 1
14 Растырлық программалардағы аймақтарды белгілеу қиыншылықтары. 1
15 Белгілеу шекараларын өзгерту және жылжыту. 1
16 Белгіленген аймақ бойынша өзгерту. Кескіндердің кадрын құру. 1
17 Қабаттар 1
18 Мөлдір қабаттар 1
19 Мәтін 1
20 Сыныптың фотоальбомын құруға арналған бақылау жұмысы. 1
21 Избражение-Регулировки яркость / контрастность. 1
22 Избражение- Регулировки-Цветовой баланс. 1
23 Избражение- Регулировки-Размер холста 1
24 Белгіленген аймақтармен жұмыс жасау режимдері. 1
25 Белгіленген аймақтарды қайталап қолдану үшін канлда сақтау. 1
26 Қабат түсінігі. Қабаттарды коллаж құруда қолдану. 1
27 Қою суреттерді өңдеу, ақ-қара түсті кескіндердің түрлі-түсті суреттерге айналдыру. 1
28 Abode Image Readly CS терезе элементері. Құралдар, қабаттар 1
29 Анимацияланған кескіндерді құру реті, қабаттар. 1
30 Практикалық жұмыс. 1
31 Практикалық жұмыс. 1
32 Бақылау жұмысы 1
33 Шығармашылық жұмыс. 1
34 Қорытынды. 1
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Макарова Н.В. Информатика (объектно-информационная концепция). Программа (для учащихся с 6-11 класс). СПб: Питер, 19999.
2. Календарно-тематическое планирование по информатике 1-11 классы Тен А.С., Кабулова Г.С., Т.К. Дауова, Алматы, 2005.
3. Авербух А.В. Изучение основ информатики и вычислительной технеики. Пособие для учителя. М.: Просвещение, 1992.
Қосымша оқулықтар:
1. Сергей Топорков. Adobe Photoshop CS в примерах. Спб.: БХВ-Петербург, 2005.
2. Corel Draw Graphics Suitte 11. СПб.: БХВ-Петербург, 2005.
3. Тайц А.М., Тайц А.А. Corel Draw 11. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003.
4. Тайц А.М., Тайц а.А. Adobe Photoshop 7. – СПб.: БХВ-Петербург, 2002.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.