.
.
Объектті-бағытталған программалау. Объектті-бағытталған программалау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1290 | Размер: | Автор: Нартай4540Программалаудың осы бағытының негізін салушылардың бірі Алан Кэйдің баяндамасында Объектті-бағытталған программалаудың мынадай принциптері берілген:
1. Барлығы объект болып саналады.
2. Объекттер бір-бірімен хабарлама жіберу арқылы әрекеттеседі.
3. Хабарлама- қимылға келтіру үшін керекті аргументтер жиынтығымен қамтылған әрекетті жасауға сұрау.
4. Әрбір объекттің онда басқа объекттер орналасқан тәуелсіз жадысы бар.
5. Әрбір объект объекттердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластың өкілі болып саналады.
6. Класта объекттің іс-әрекеті беріледі. Бір кластың барлық объекттері бірдей әрекеттерді жасай алады.
7. Кластар жалпыға бірдей, біріңғай иерархиялық ағаш тәріздес құрылым ретінде ұйымдастырылған. Кейбір класт объекттерінің жадысы мен іс-әрекеті иерархиялық ағаштың төменгі сатысында орналысқан әрекеттерді қайталайды.
Операциялық жүйелер және олардың дамуы.
Операциялық жүйелердің (ОЖ) дамуы көбінесе компьютерлердің аппараттық базасының жетілдіруімен байланысты. Ең бірінші компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ – олар бір ғана енгізілген программаны орындады; программаны дайындау мен енгізу бойынша барлық әрекетті, сонымен қатар деректер мен нәтижелерді енгізу/шығару пайдаланушыдың өзімен қамтамасыздандырылды. Сонымен бірге ОЖ шығу тарихы компьютерлердің ең алғаш пайда болуынан басталды, 1949 жылы ағылшын компьютері ЕDSАС өзінің бірінші автоматтық есептеуін жасады. Оның оған дейінгі компьютерлерден негізгі айырмашылығы программалық жабдықтаманы ұйымдастыру жаңа концепциясында болды: оперативті жадта сақталатын программа, жиі пайдаланылатын есептеулер үшін стандартты программалар кітапханасы және программалардағы қателерді табу құралы. ЕDSАС үшін есептеу процесін автоматты басқаратын және компьютер ресурстарын жобалауды қамтамасыз ететін программалар жиыны ретінде бірінші ОЖ жасалды. Компьютерлердің 1 және 2 кезендері үшін операциялық жүйелер өзінің дамуының бірінші қадамдарында, негізгі зейінін дестені орындау процесінде пайдалунышы мәселелерін автоматты ауыстыруына бөліп, бірінен соң бірі жүретін мәселелер дестелерін автоматты орындау функцияларын қолдайтын. ОЖ-нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық және жоспарлаушы функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық режимдердің т.б. пайда болуында көрінеді.
3-кезендегі компьютерлердің аппараттық құралдарының дамуы ОЖ-нің ары қарай дамуына түрткі берді. Бұл кезде аппараттандырудың жоғары дәрежелі пайдаланушылардың көптеген тапсырмалар ағымын бір уақытта орындауға мүмкіндік беретін дестелік өндеу режимінің қалыптасуы аяқталды.
Қазіргі заманғы ОЖ-ге мынадай талаптар қойылады:
• сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ-лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын құралдарды қамтуы тиіс;
• көшірушілік – ОЖ- ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ-ні ішкі және сыртқы қателіктерден, іркілестерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады;
• қауіпсіздік – ОЖ-де бір пайдаланушының ресурстарын екінші пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс;
• ұлғайтылымдығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің қолайлылығын қамтамасыз етуге тиіс;
• өнімділігі – жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.