.
.
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау Операциялық жүйелерді баптау
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1733 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйелерді баптау
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2. негізгі менюді баптау;
3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейгнелейтін жалаушларды қосады және өшіреді.
Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.
Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау – Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.
Жалпы (Общие) қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
1. Барлық терезелердің үстінен орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;
2. Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана ) – тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқанды көшіргеннен кейін ғана пайда болады;
3. Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (мелкие значки в главном меню) – негізгі меню ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;
4. Сағатты бейнелеу (Отображать часы) – Тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы орнатылады;
5. Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню) – менюді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.
Қосымша (Дополнительно) қосымша бетінің көмегімен қосуға, өшіруге, апаруға және негізгі меню пунктеріне жаңа ат қоюға болады.
Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасының терезсінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.
IV. Сабақты бекіту.
1. Басқару тақтасы бумасының міндеті мен атқаратын қызметін айтыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.