.
.
Windows 95-тің пайда болуы операциялық жүйе MS-DOS кезеңінен дербес компьютерлер әлемінде жаңа эраға өтуі болды. Келесі нұсқа - Windows 98-ті пайдаланушыларға одан да көп құрал және жұмыс өнімділігін арттыру мен Internet-те жұмыс істеу үшін ыңғайлы интерфейс мүмкіндігін ұсынды. 2000 жылғы қарай - Windows NТ дің мирасқоры болып табылатын, жаңа операциялық жүйе Windows 2000 шығарылды. Windows 2000-да өндірістік операциялық жүйе Windows NТ- дің мүмкіндіктері мен Windows 98-дің қарапайым интерфейсі мен қуаты қосылды. Мағлұматты ары қарай беру барысында Windows 2000-дағы жұмыс қарастырылады, бірақ айтылған Windows 98-ге қатысы бар. ОЖ Windows 2000.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1417 | Размер: | Автор: Нартай4540Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:
• әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;
• уақыттың әр сәтінде бір ғана бағдарлама пәрменді;
• пәрменді бағдарламаның тақырыбы ерекшеленген, пәрменді емес бағдарламалар «сөндірілген».
• пәрменді бағдарламаның терезесі әманда алдыңғы қатарда болады.
• пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін пәрменді ету керек;
• бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде өздерінің батырмалары болады.
Анықтаманың инструменттер панелінде (құралдар панелінде) мына командалар бар:
Начало – мұнда анықтама бөлімдерінің мазмұны, ақауларды жою жөнінде ұсынымдар мен қосымша анықтамалық ресурстар тізімі бар.
Указатель – шешуші терминдер мен сөз тіркестері бойынша анықтама бөлімін табуға мүмкіндік береді.
Іздеу үшін: 1. Тізімнің жай-күйін қадағалай отырып, мәтін өрісіне сөзді енгізе баста.
2.Тізімде керек термин (сөз тіркесі) пайда болған кезде, оны
тышқанды шертіп ерекшелейсің.
3. Показать батырмасын шертесің, егер термин бірнеше бөлімдерде
түсіндірілетін болса, қажет бөлімді таңдап аласың.
Пайдаланушы интерфейсі және файл қосымша жүйесі.
Windows 2000-ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан қосымшасы бар Windows 98 интерфейсі еске салады. Интерфейстің негізі – Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы. Айталып кеткендей, Windows 2000 объективті-бағдарлық жүйе болып саналады. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір қасиеттер тобын береді. Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы пиктограммалар(дискілер, принтерлер, компьютер желілері) бар.
Белгішелер мен таңбашаларды жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыру үшін оларды осы жерге апару керек. Оны апару (тасымалдау) тышқанның сол жақ батырмасын (левой кнопки мыши) басу кезінде жүзеге асырылады. Белгішелерге, таңбашаларға және қапшықтарға шерту көмегімен, Открытие (Ореn) - Windowsтің тиісті объектілеріне қол жеткізуге (Windowsті пәрменді етуге) мүмкіндік береді.
Мой компьютер (Му Соmputer), Сетевое окружение (Му Network Рlaсе), Корзина (Reсусlе Віn) белгішелері типтік белгішелері типтік белгішелер болып табылады. Мой компьютер (Му Соmputer) белгішесі компьютердің файлдарына, қапшықтарына және басқа да тұрақты ресурстарына (басқару тақтасына, принтерлерге )қол жеткізеді. Сетевое окружение желінің ресурстарымен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте желімен жұмыс істеу желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты болмайды. Корзина – пайдаланушы алып тастаған объектілер болады. Оларды қалпына келтіру үшін маустың оң жақ батырмасымен контексті менюді шақырып, ондағы Восстановить пунктін таңдап алса болғаны.
Windows-те терезелердің бірнеше түрі пайдаланылады:
• Қосымша терезесі нақты қосымшамен байланысты болады және меню, инструменттер панельдері, жай-күй жолдары сияқты және басқа да қосымша элементтердің болуымен сипатталады
• Құжат терезесі қосымшаның өзінен туындайды. Мысалы, Мicrosoft Word редакторы құжатының терезесі
• Диалогтық терезесі пайдаланушының ОЖ-нің әр түрлі қосымшаларымен өзара әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оны тек жабуға немесе көшіруге ғана болады.
• Жүйелік хабарлар терезесі ОЖ немесе қосымша жасайтын әр түрлі алдын алулар мен хабарларды шығаруға арналған
Мicrosoft Оffice панелі қосымшаларды тез жіберуді қамтамасыз етеді.
Міндеттер панелі пайдаланушыға жұмыс істеу үшін құралдарды береді және жұмыс үстелінің кез келген шетінде (әдетте оның төменгі бөлігінде) орналасады. Панель сүйретіп әкелінеді. Міндеттер панелінде Пуск (Start) батырмасы мен ағымдағы кездегі қосымшалардың пәрменді батырмалары орналасады.
Пайдаланушы бастапқыда DOS ОЖ-де жұмыс істей отырып мәтіндік және графикалық редакторларды жеке пайдаланады, содан соң оларды біріктіріп тұтас басып шығарады. Бұл бірқатар ыңғайсыздықтар туғызады:деректерді әр түрлі файлдарда сақтауға тура келеді, бұл жағдайда құжатты қабылдау өзінің тұтастығынан айырылады, беттерді нөмірлеуде және басқа да қиындықтар туады.
1. Қосымша-тұпнұсқада деректер үзіндісін ерекшелеу керек.
2. Алмасу буферінде ерекшеленген үзіндіні Правка-Копировать немесе Правка-Вырезать(Еdit-Сору немесе Еdit-Сui) командасымен көшірмелеу керек.
3. Қосымша-қабылдаушыға көшіп, меңзерді (курсор) буфердегі деректерді қою қажет болатын жерге орналастырып, Правка-Вставить командасын орындау керек. Алмасу буфері арқылы деректерді алмасудың артықшылығы әр түрлі қосымшалармен жасалған(құрымды құжаттар) бір құжатта объектілердің ұштасуы болып табылады. Мұндай алмасудың кемшіліктері:
Аралық сақтау буферінде деректерді жинақтау мүмкіндігінің болмауы. СІірboardқа жаңа үзіндіні орналастырған кезде ескісі өздігінен жойылады. Сондықтан, мысалы, бір құжаттың әр түрлі жерінен екінші құжатқа бірнеше үзіндіні көшірмелеген кезде пайдаланушыға қосымша-түпнұсқа мен қосымша қабылдағыш арасында талай рет қайталап қосылып отыруына тура келеді.
Сіірboard арқылы берілетін ақпарат көлемінің шектелуі;
Ауыстыру буфері арқылы құжат-қабылдағышқа кірістірілген деректер оларды құжат көзінде өзгерткенде жаңармайды.
OLE-де байланыстыру кезінде:
• объектінің екінші көшірмесін жасау қажеттігі болмайды, мұның өзі дискілік кеңістікті қажетті қысқартуға мүмкіндік береді;
• байланысқан объектіге өзгерістер енгізу объект байланысқан құжаттардың бәрінде олардың қосарлануын қамтамасыз етеді;
• түпнұсқаға баратын жол есте қалады, сондықтан басқа компьютерге көшірген кезде осы құжатқа енгізілген объектілер мазмұндалатын барлық файлдарды қайта жазу керек.
OLE-ге енгізу кезінде :
• қойылған объектіні өзгерту түпнұсқада көрінбейді;
• барлық ақпарат бір файлда сақталады және басқа компьютерге көшірген кезде ешқандай проблема туындамайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.