.
.
Мереке ШОШАК, Page Maker бағдарламасын оқыту
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 409 | Просмотров: 2183 | Размер: 168.5 Kb | Автор: ТәрбиеС. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,
Сағитханқызы Әйгерім, аталған университетінің студенті
Орта мектептің жоғарғы буынында Page Maker бағдарламасын оқыту
«Графикалық элементтермен жұмыс істеуі» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Оқушылардың PageMaker программасының графикалық элементтермен жұмыс істеуі жайлы білімдерін логикалық сұрақтар, жаттығулар мен әр түрлі тапсырмалар беру арқылы жалпылау, бекіту және бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, ойлау қабілеттерін артыруға, өз ойын жүйелеуге және тез шешім қабылдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, алға қарай ұмтылуға, талпынысқа баулу және топпен жұмыс жасай отырып, ынтымақ пен бірлікке шақыру.
Сабақтың тирі: Қорытындылау сабағы.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Сұрақтар мен тапсырмалар жинағы, шаблондар, ақша (доллар), қораптар, сызғыш, слайд, бағалау кестесі, компьютер.
Ұйымдастыру кезеңі. Балармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеріп қорытындылау сабағы ойын түрінде өтетіндігін айтып сабақты бастау.
Жоспар Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі 5 мин
І кезең 12 мин
ІІ кезең 12 мин
ІІІ кезең 12 мин
Оқушылардың білімін бағалау 4 мин
Сабақтың барысы:
Балалар бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтетіндіктен, сабақ негізінен үш кезеңнен тұрады. Ойын ойналу барысында кезеңдер тапсырмасымен таныс боласыңдар. Сабағымызды бастайық.
І кезең: Бұл кезеңде өткен тарау бойынша көптеген сұрақтарға жауап беріп, әр банк (топ) өз қорларына қаржы жинайды. Бұл сұрақтар мен тапсырмалар өткен оқу материалын қайталап, пысықтауға мүмкіндік береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
А деңгейі (құны 50 $):
1. «Бағдарша» инструментінің қызметі.
«Бағдарша» «стрелка» инструменті PageMaker жүйесінде негізгі жұмыс құралы болып табылады. Обьект немесе обьектілер тобын ерекшелеуді, оларды жылжытуды немесе жоюды, өлшемдерін өзгертуді тек соның көмегімен ғана жасауға болады.
2. PageMaker жүйесінде сызықтар қандай қызмет атқарады?
Көлденең, тік, сондай-ақ 45˚ бұрыштағы сызықтар «перпендикуляр» инструментінің көмегімен сызылады. Ол инструмент әр түрлі сызықтар сызуға арналған.
3. Сызықтың қалыңдығын өзгерту үшін қандай команданы орындаймыз? (Элемент - Линия).
4. Соңғы жасалған әрекетті орындатпау командасы? (Редактирование – Отменить)
5. Фонды өзгерту командасы (Элемент - Фон).
6. Тікбұрыш фоны мен шекараларын өзгерту командасы? (Элемент – Фон и линия)
7. бұл қандай инструмент? (Бағдарша)
8. бұл инстументтің атын ата? (Сопақша)
9. бұл инструменттің қызметі? (PageMaker жүйесінде кез келген обьектіні кез келген жаққа кез келген бұрышқа бұрады).
10. Бетті қарау қалай жүргізіледі? (Просмотр – Увеличить (уменьшить, реальный размер, целая страница))
В деңгейі (құны 200$).
1. Жаңа жарияланым құрып, сопақша инструментімен шеңбер сал.
2. Жаңа жарияланым құрып, тікбұрыш салып, ішін қызыл түске боя
3. Тікбұрыш салып, оның сызығының стилін өзгерт
4. Обьектілер неше түрге бөлінеді? (3)
5. PageMaker бағдарламасының кез келген 3 инструментін сипаттап беріңдер.
6. инструментінің қызметі? (Alt пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып таңдауға болады. Сонда қолдың кескіні пайда болады. Қолды қозғалтқанда онымен бірге құрастыру үстелі де қозғалады).
7. Графикалық элементтер дегеніміз не? (- неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде инструменттер палитрасы көмегімен жасалады).
C деңгейі (құны 500$).
1. Жаңа жарияланым құрып, сонда квадраттың фигурасын сал.
2. Көпбұрыш және сынық сызықтар салудың екінші әдісін пайдаланып 5 бұрышты, 6 бұрышты көпбұрыш сал.
3. Бес бұрышты көпбұрышты обьектіні бұру инструментімен 2 түрлі бұрышқа бұр.
ІІ кезең: Бұл кезеңде әр топ өз қорындағы қаржысына, мүмкіндігіне қарай тапсырмалары бар конвертті сатып алады. Барлық конверттердің ішіндегі тапсырмалардың деңгейлері бірдей, бірақ олардың құнына оның ішіндегі тапсырмалардың құны тікелей байланысты (яғни әр конверттің ішіндегі тапсырмалардың өзінің құны бар, олар орындалса сол қаржыны ұтып алады).
1 – конверттің тапсырмасы:
Тіктөртбұрыш, көпбұрыш және сынық сызықтарды қолданып үйдің құрылысын сал. Салынған суретті түрлі түсті бояумен боя(1000$).
2 – конверттегі тапсырмалар:
Бетті қарау және бет бойынша жылжу жайлы мағлұмат бер. (800$).
3 – конверттегі тапсырмалар:
Тіктөртбұрыштың көмегімен салынған фигураның түсін, сызықтарының қалыңдығын және түсін өзгертіп, оны қалай істегеніңді түсіндіріп бер. (500$).
Әр конверттегі тапсырмаларды толық орындаса қосымша (бонус) 200$ беріледі.
ІІІ кезең: Бұл кезеңде капитандар сайысқа түседі. Олар әрқайсысы 50$ тұратын 5 сұраққа тез жауап беру арқылы өз қорларын тағы толықтыруға мүмкіндік алады.
1-топтың капитанына қойылатын сұрақтар:
1. PageMaker жүйесін қалай ашамыз? (Пуск - Программы - Adobe - PageMaker 6.5 - Adobe PageMaker 6.5 )
2. PageMaker қандай жүйе? (Баспа)
3. Ориентация өрісі дегеніміз не? Ориентация өрісінде қағаздың қалай орналасатыны көрсетіледі: тігінен (Книжная) немесе көлденеңінен (Альбомная). Қажеттісі тиісті батырманы шертумен орнатылады
2-топтың капитанына қойылатын сұрақтар:
1. Беттер саны дегеніміз не? Беттер саны. Үнсіз келісім бойынша бұл өрістің мәні бірге тең. Егер жарияланым қанша беттен тұратыны белгілі болса, оны мұнда көрсетуге болады.
2. бұл қандай инструмент? (Текст теру)
3. бұл қандай инструмент? (қол)
3-топтың капитанына қойылатын сұрақтар:
1. Тікбұрыш инструменттер палитрасында қандай суретпен көрсетілген?
2. бұл қандай терезе? (Сақтауға сұрауы бар терезе.)
3. Сопақшаларды жасау қай инструменттің көмегімен жасалады?
(Овал)
Оқушылардың білімін бағалау. Төменде көрсетілген бағалау кестесі бойынша оқушылардың әрбір кезеңдегі сабаққа қатысу белсенділігін анықтаймыз және барлығы тиісті бағасын алады.
№ Аты-жөні І, ІІ, ІІІ кезеңдер Сабаққа қатысу белсенділігі
Өскемен қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.