.
.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мыржақыпова Меруерт Paint графикалық редакторы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1495 | Размер: | Автор: Нартай4540Өткізілетін күні: 9.12.2013 ж
Сыныбы: 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: §22. Paint графикалық редакторы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін, жүктелуі және суретпен
жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып есте сақтау,
ойлау қабілетін, компьютерлік іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбекке, қоршаған ортадағы көрген дүниесін бейнелей білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, тест.
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер,
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқу құралдарын тексеру;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қайталау сұрақтары.
1. ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот)
2. Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)
3. ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм )
2. Тест тапсырмасы
1. Ресейдегі есепшот қай ғасырда пайда болды?
А) ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда
Ә) ХХ-ХХІ ғасырларда
Б) ХІҮ-ХҮІІ ғасырларда
2.Информатика-……ғылым.
А) Техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру туралы
Ә) Мәліметтерді сақтау және берілгендерді сұрыптау туралы
Б) ЭВМ көмегімен ақпараттарды жинақтау , өңдеу , сақтау және беру, оның қасиеттері, берілу тәсілдері туралы
3. Ақпаратты тарату құрылғыларын ата?
А) теледидар, радио, компьютер
Ә) газет,журнал, радио, теледидар, телефон, интернет
Б) компьютер, адамдар, түрлі желілер
4. Ақпарат дегеніміз не ?
А) қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар
Ә) белгілі бір нәрсеге берілетін мағлұматтар
Б) деректер жиыны
5. Баспа құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата?
А) 2-ге бөлінеді, матрицалық, бүрку
Ә) 3-ке бөлінеді, матрицалы, сия бүріккіш, лазерлік
Б) лазерлік баспа құрылғысы ғана
6. Сканер дегеніміз не?
А) графикалық программаларды өңдеуге арналған
Ә) жарық саулесі суретті сканерлейді
Б) қағаз кескіндіні түсіріп, монитор экранына шығаруға мүмкіндік береді
7. Пернетақтаның бөліктерін ата?
А) символдық, цифрлық
Ә) функционалды, меңзерді басқаратын
Б) барлығы дұрыс
8. Лазерлік баспа құрылғысы дегеніміз не?
А)Арнайы ұнтақ электр өрісінің ықпалымен қағазға тартылады да, жоғары температурада қағазға жабысып қалады.
Ә(Сия кішкене тесік арқылы қағаздың қажетті жеріне бүркіледі
Б)Арнайы инелер бояғыш таспа арқылы қағаз бетіне із қалдырады
9. Жүйелік блоктың құрамын жаз?
А)аналық тақша, сканер, принтер, монитор
Ә) аналық тақша, процессор, жедел жад, дыбыс карталар, қатты диск
Б) процессор, принтер, пернетақта, тышқан
10. Монитор нешеге бөлінеді, ата?
А) 2-ге, монохромды, сұйық кристалды
Ә) 3-ке, сұйық кристалды, матрицалық, бейнелік
Б) 1-ге монохромды
ІІІ. Жаңа сабақ: §22. Paint графикалық редакторы
Paint сурет салу программасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттерден бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Іске қосу үшін:
Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>Раіnt
Терезесі мынадай элементтерден тұрады:
1. Тақырып жолы
2. Меню жолы
3. Сурет салу алаңы
4. Құралдар жиыны
5. Түстер палитрасы
Paint редакторында 16 құралдар жиыны бар. Олар:
ІY . Практикалық тапсырма
Интерактивті тақта арқылы практикалық тапсырма берілген соны әр оқушы өз компьютеріне салады.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
1. Ғажайып алаң
2. Ой қозғау
ҮІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үй тапсырмасын беру:
§22. Paint графикалық редакторын оқу, реферат жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.