Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Paint графикалық редакторы» -

«Paint графикалық редакторы»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1421 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Соңғы жылдары жаңа информациялық технологиялардың өте шапшаң дамуына байланысты , «Информатика» жалпы орта білім берудегі негізгі пәндердің біріне айналады.
Бұл пәнді оқытудағы басты мақсат – оқушыларға ақпаратты жеткізу , өңдеу және қолдану процестері туралы білім беру.
Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін стандартты программалардың бірі- Paint графикалық редакторы.
Paint графикалық редакторы әр түрлі объектілерді салуға мүмкіндік береді және оның түрлі түстерімен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және де оның үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.
Осы редактормен жұмыс істеу барысында халықтық педагогика
элементтерін енгізу мақсатында оқушыларға қазақ халқының тұрмыста ,
үй жиһаздарына пайдаланатын заттардың, ұлттық киімдерінің суретін
салуға болады.
Осы орайда ұлттық киімдерді , қазақтың тұрмыста пайдаланған қажеттілігін түсіндірген жөн.
Сабақтың тақырыбы: «Paint графикалық редакторы»
Сабақтың мақсаты: а/ Білімділігі
«Paint графикалық редакторы» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
ә/ Дамытушылығы
Оқушылардың ой өрісін дамыту
б/ тәрбиелігі
оқушыларды Отанды сүюге баулу, ұлттық намысқа берік етіп тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу типі: білімді тексеру.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер, дидактикалық материал,кеспелер
Сабақтың жабдығы: дербес компьютер,грапопроектор
Пәнаралық байланыс: сызу,сурет,тарих,әдебиет.

Сабақтың өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а/ Сабаққа дайындықтарын тексеру
ә/ Сабақтың мақсатын айту
б/ Үйге берілген тапсырма / қағаз бетіне қазақ
халқының тұрмыста , үй жиһаздарында, ұлтттық
киімдерінде пайдаланатын ою-өрнектердің
суретін салу/ бойынша тексеру.

Жаңа материалды менгерту
Үйге тапсырма.

Білімдерін пысықтау . Сыныпты 2-3 топқа бөліп , олар бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптар береді.

Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Графикалық редакторды іске қосу және оның жұмысын аяқтау реті.
2. Paint графикалық редакторы терезесінің элементтерін атап шығыңыздар?
3. Саймандар тақтасының құралдарын атап шығыңыз?
4. Paint графикалық редакторы қандай түспен жұмыс істейді?
5. Жазуды енгізу қалай орындалады?
6. Суретті бөліп алу, көшірмесін алу, жылжыту командаларының орындалуы?

Сарамандық жұмыс:
1. Жұмыстың мақсатын түсіндіру
2. Суретті салмастан бұрын қазақ халқының ұлттық киімдерін немесе пайдаланған ою-өрнектеріне сипаттама беру. Тұрмыста пайдаланатын үй жиһаздарының қандай заттардан жасалғанына және қандай мақсатқа пайдаланылатынын айтып кету.
Мысалы: /торсық, аяққап, сандық, жүкаяқ және т.б./
3. Оқушылардың салып әкелген суреттеріне тоқталу.
4. Жұмысты орындау барысында қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланылатынына тоқталу.
5. Салған суреттерін өз бумасына орналастыру.

Қорытындылау:
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау.
Осындай сабақтар шәкірттерді халықтық салт дәстүрлер негізінде тәрбиелеумен қатар, олардың шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қаблетін, ынтасын дамытуға, алған білімін практика жүзінде пайдалануға үлкен мүмкіндік береді.

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі.

Информатика пәні



Пән мұғалімі: Ұ.Түкебаева

Шолаққорған ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.