Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы» -

«Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 2561 | Размер: 488.0 Kb | Автор: Тәрбие
. «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы»

7 сынып
Пән мұғалімі: Сейдазимова Т.Н.

2011-2012 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторы туралы және де Paint бағдамламасын іске қосу мен сурет салу кезеңдері жайында мәлімет беріп, оны меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың Paint графикалық редакторымен толық таныстыра отырып, тиянақты жұмыс жасауларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, еспетеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережелін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті
Көрнекі-құралдар: Интерактивті тақта, дербес компьютер, оқулық, жұмвс дәптері, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен аманадсу;
- Келмеген оқушыларды белгілеу;
- Оқушылар зейінін өтілетін тақырыпқа аударту.

ІІ. Өткен тақырыпты тексеру.
Сонымен, оқушылар өткен тақырыпты тексеру үшін зейінімізді тақтаға аударайық. Тақтада берілген сұрақтарға орынымызда отырып қол көтеріп жауап береміз, сұрақ жанында жасырылған дұрыс жауаптармен сіздердің жауаптарыңыз сәйкес келуі тиіс. (тақтада берілетін тапсырма)
1. Адам мен компьютер арасындағы өзара байланысты қажет етеді? (операциялық жүйе)
2. - ? (тапсырмалар тақтасы)
3. - ? (қапшық)
4. - ? (файл)
5. - ? (терезені жималау, терезені жаю, терезені жабу)
6. - ? (Мой компьютер қапшығының терезесі)
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау.
ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өндеудің қарапайым құралы стандартгы WINDOWS '98 операциялық жүйесі болын табылады. Раіnt графикальщ редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі-түсті нүктелерден - пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор:
1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.
Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>
Графический редактор Раіnt
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.



Сурет салу кезендері
Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:
— суреттің ерікті аймағын белгілеу;

— суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;

— суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
— тұйық контурды құю;

— суреттен түс таңдау;

— экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

— жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

— ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);

— түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;

— мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
— түзу сызықтарды салуға арналған сызық;

— қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);
— тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.
— салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.

Түстер палитрасы.
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түсnер жиынтығъшан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс тандалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.

Сурет салу тәсілдері.
Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал тандаймыз. Егер қажет болса, сызықтар калыңдьғын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет режімді, мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаріп, оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.

Меню.
Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.

IV. Сабақты бекіту.
Оқушылар, сіздердің алдыларыңыздағы қағаздарда берілген тапсырмаларды дербес компьютерді іске қоысп, орындаймыз.
Тапсырмалар:
1. Раіnt бағдарламасын Пуск – Программы – Стандартные - Раіnt графикалық редакторы командасын оырндап іске қосыңыз.
2. Ашылған тереземен танысыңыз.
3. Құралдар тақтасынан кез келген құралды таңдаңыз
4. Таңдаған құралыңызбен сурет салыңыз
5. Салынған суреттің ішін құю құралымен бояңыз
6. Келесі Жазу құралымен өз есімдеріңізді жазыңыз
7. Сурет салу алаңының түсін өзгертіңіз
8. Салынған суреттеріңізді Файл – Сохранить как командасын орындау арқылы Жұмыс үстеліне сақтаңыздар.
Бекіту сұрақтары:
Раіnt графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
Сурет салу әдістері қалай орындалады?
Түстер палитрасының қызметі қандай?
Меню жолының қызметі қандай?

V. Үйге тапсырма:
- 4.1. тақырыпты оқу.
- «Редактор» сөзіне ребус құрып келу

VI. Бағалау.
Оқушылардың белсенділігі мен тапқырлығы және де сұрақтарға жауап берулеріне қарай бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.