Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы. -

PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2332 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі








Пән мұғалімі: Аманшина Гульжихан Жумагалиевна

Сабақ: 20
Сыныбы: 3 «а»
Уақыты: 6-ақпан, 2014 жылы

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Paint графикалық редакторы жайлы жалпы мағлұмат беру.
2. Paint – та сурет салуды үйрету және оқушыларға «Жазу» құралын пайдалана бiлудi үйрету.
3. Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс iстеуге дағдыландырып, тиянақты жұмыс жасауға талаптандыру
Әдiстемелiк нұсқаулар:

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Оқушыларға «Жазу» құралының атқаратын қызметтерi жұмыс дәптерi немесе компьютер арқылы түсiндiрiледi (PAINT-тiң кейбiр нұсқаларында бұл құрал “Текст” деп берiлуi мүмкiн).

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жеке жұмыс

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Компьютерлік - бағдарламалық Мicrosoft Power Point, Word,
құралдар: «Paint» графикалық редакторы



І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. «Ұшқыр ой» патшалығы
1. PAINT редакторы қалай іске қосылады?
ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

2. PAINT редакторының терезесі қандай элементтерден тұрады?
• Терезе тақырыбы
• Мәзір қатары
• Сурет салу аймағы
• Құрал-саймандар тақтасы
• Түстер палитрасы

3. PAINT редакторының қандай мүмкіндіктері бар?
• Сурет салуға
• Суретті файлға сақтап қоюға
• Қағазға басуға
• Электронды почтамен жіберуге
• Суретке мәтін енгізуге

4. PAINT редакторында салынған суретті қалай сақтаймыз?
• Бас МӘЗІР командасынан ФАЙЛ жолын таңдап, СОХРАНИТЬ КАК . . . командасын шертіп,«Сохранение файла» батырмасын бас.

5. PAINT редакторын қалай жабамыз?
• Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы үш батырманы тап _ □ х. Оның iшiнен х батырмасын шерт.

ІІІ. «Ғажайып жаңалық» аралы

1. PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT
2. МЕНЮ-дегi ВИД командасын аш. “Панель атрибутов текста” жолына белгiсiн қой.
3. НАДПИСЬ батырмасын шерт.
4. Меңзердi қажеттi орынға қойып, тышқанның батырмасын шерт. Қажеттi өлшемдегi тiктөртбұрышты алғанша, батырманы басып тұрып, тышқанды жылжыта бер.
5. Қарiптiң көлемi мен кескiнiн таңда, мысалы, 16, курсив.
6. Ендi мәтiндi тере беруге болады.
7. “Панель атрибутов текста” тақтасындағы мына батырмаларды басып көр:
Ж –мәтiн қарайтылады.
К - мәтiн қисайтылып жазылады.
Ч - мәтiннiң асты сызылады.
Жақтаулармен қоршалып тұрған әрiптер түстерiн өзгертуге болады. Ол үшiн тышқанның сол жақ батырмасын шертiп, қажеттi түстi таңдап алу жеткiлiктi.







IV. «Қиялдағы көркем» аралы
Бұл аралда саяхатшылар «PAINT»-тың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, берілген практикалық жұмыстарын орындайды
V. «Демалыс сәтi» аралы




VІ. «Балық аулау» аралы. Бекіту сұрақтары
1. Суретті дискідегі файлда не үшін сақтау керек?
• Суретті келешекте тағы қолдану үшін сақтайды
2. «PAINT» файлға қандай кеңейтуді автоматты түрде меншіктейді?
• .bmp
3. Қаріпті қалай өзгерте аламыз?
• Тінтуірді қаріп тұсына апарып, шертеміз

VІІ. «Қорытынды» айлағы
• «Жағалау» үйге тапсырма беру. Шығармашылық тапсырма
(Жыл мезгілдерін салып келіңіздер. Кейбір элементтерін атап жаз. Мысалы: ағаш, күн, гүл)
• «Сиқырлы сандық» жағалауы Алдымызда тұрған сандықшаны ашып көрелік, ішінде не бар екен,а-а-а?!(Балаларға үйлестіремін)
• «Қандай керемет» автобусы. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды бағалаймын.
Күтілетін нәтиже:
1. Paint графикалық редакторында «Жазуды қою» құралының
қызметін біледі.
2. Paint графикалық редакторында «Жазуды қою» құралы
арқылы қатесіз және дұрыс жазуға үйренеді.
3. Жазылған мәтінді немесе сөзді форматтай білуді үйренеді.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, «Ақпараттық мәдениет негіздері әдістемелік нұсқау», 2004ж.
2. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, «Ақпараттық мәдениет негіздері 3-сынып», 2004ж.
3. О.Жапарова «Информатика негіздері» Алматы, 2006
4. «Информатика негіздері» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.- Алматы;
5. «Алгорифм» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.- Алматы; №1, 2004 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.