.
.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторын қорытындылау Paint графикалық редакторын қорытындылау
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1378 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Оқушылардың оқу материалын қабылдауы, нысандардың байланысы мен қарым-қатынасын зерделеу, сонымен қоса оқушылардың алған білімін жүйелеуге үйрету;
2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін арттыру;
3.Тәрбиелік: Ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, жолдастық сезімге, өзара көмек беруге және халықтың салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: дербес компьютер, үлестірмелі карточкалар, суреттер.
Сабақтың типі: қорытындылау
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, компьютермен жұмыс
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. І-гейм «Қоржыннан шыққан бас қатырғылар» (Үй тапсырмасын сұрау )
3. ІІ-гейм «Көрсетейік...» (капитандар сайысы)
4. ІІІ-гейм «Ой қозғау»
5. ІҮ- гейм «Келесі, келесі...»
6. Ү-гейм «Қыз қуу»
7. ҮІ-гейм «Арқан тарту»
8. Бағалау
9. Қорытындылау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақты «Суретшілер аралы» ойыны түрінде өткізіп, сыныпты екі топқа бөлу керек. Сабақты ұлттық нақыш түрінде жүргіземін. І-гейм. «Қоржыннан шыққан бас қатырғылар»
Ойынның шарты: Әрбір топтан бір-бір оқушы шығып, қоржыннан асық алып, сол асықтағы жасырылған сұраққа жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап сол топқа ұпай береді. Сонымен қоса қойылған сұрақты компьютерде көрсету қажет.
1. Кескіннің түсін қалай таңдаймыз? (Жауабы: Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқауын орналастырып, сол жақ батырмасын шерту керек)
2. Суретке жазу қалай жазылады? (Жауабы: Құралдар тақтасынан батырмасын таңдап алып, жұмыс аумағына орналастыру керек)
3. Пайнт программасын қалай іске қосамыз? (Жауабы: Бастау- Бағадарламалар- Стандартные- Пайнт)
4. Бүріккіш құралы не үшін қолданылады? (Жауабы: Бұл құрал бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады)
5. Суретті қалай сақтайды? (Жауабы: Файл- Сохраить командаларын орындап, өз қалауы бойынша сақтау қажет)
6. Суретті қалай ашады? (Жауабы: Файл- Открыть командасын орындап, керекті құжатты ашуға болады)
ІІ-гейм.. «Көрсетейік» шығармашылық тапсырма. (Капитандар сайысы)
Ойынның щарты: Әр топ басшыларын шақырып, жеребе арқылы белгілі тақырыптарға пайнтта сурет салдыру. Қай топтың суреті жақсы болса, сол топ ұпайды әкетеді.
Тақырып аттары: 1) «Ауыл-2030»
2) «Әрқашан бұлт төнбесін»
ІІІ-гейм. «Ой қозғау»
Ойынның шарты: Әр топтан 3 оқушыдан шығып, тақтадағы сызба нұсқасын толтырады. Әр дұрыс жауап топқа ұпай жинайды.
1 4
2 5
3 6
ІҮ-гейм. «Келесі, келесі...»
Ойынның шарты: Үйден дайындалып келген жұмбақтарын айтып компьютерден көрсету. Қай топ жұмбақтың шешімін тапса, сол топқа ұпай саналады.
І-топ. Үсті-басы ине
Бұл не деген бейне. (Кірпі)
ІІ-топ. Қисық сызық қолданып,
Салып көрші ойланып,
Дөңгелек пен көп таяқ.
Қиыстырсаң шығады
Теңіздегі ........... (Сегізаяқ)
Ү-гейм. «Қыз қуу»
Ойынның шарты: Әр топтан бір ұл, бір қыз шығып. Әр топтың қыздары ауысып, ұлдарға сұрақ қояды. Сұраққа жауап бере алмаған топ ұлдары тақпақ не мақал-мәтел айтуы қажет.
І-топ қыздары: Суреттің үзіндісін белгілеу үшін не істеу керек? (Выделение/ белгілеу батырмасын таңдап, тышқан нұсқағыштың бөлінетін суреттің сол жақ бұрышына орналастыру керек)
ІІ-топ қыздары: Үзінді көбейту дегеніміз не? ( Экранда тышқаның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмесің тізбегін жасау )
ҮІ-гейм «Арқан тарту » ойыны
Ойынның шарттары: Сыныптан бір-бір оқушы шығып тақтадағы ілініп тұрған әр элементтің аттарын жазу керек.
Батырма Батырма аты
Ерікті аймақты белгілеу
Белгілеу
Өшіргіш
Құю
Түс таңдау
Масштаб
Қарындаш
Қылқалам
Бүріккіш
Жазу
Оқушыларды бағалау. Жеңімпаз оқушыларды марапаттау, тиісінше бағалау.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. Тапсырмалар дайындап келу.
Аякөз ауданы, Бидайық ауылы, М.Әбеулов атындағы орта мектептің информатика пән мұғалімі Исаева М..Д
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.