.
.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторын қорытындылау. Paint графикалық редакторын қорытындылау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1471 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сурет салу редакторында жұмыс істеу
шеберліктерін, редактордың мүмкіндіктерін бақылап,
бағалау.
Дамытушылық: Редактордың тиімділіктерін пайдаланып, өз-өздерін
бағалауға үйрету.
Тәрбиелік: Тәрбиелілікке, сабырлыққа, әділдікке,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Компьютер, практикалық жұмысқа арналған кеспелі
таратпа, POWER POINT бағдарламасында дайындалған
слайд.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың типі: Практикалық сабақ.
Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:
-графикалық редактор деген не және ол не үшін
қолданылатынын;
- Paint редакторының терезесі неден тұратынын;
- Әр құрал саймандардың қызметін;
- Басқа да мүмкіндіктерін;
Оқушылар үйренуі тиіс:
-графикалық редакцияны іске қосуды;
-Сурет салу және оларды редакциялауды;
-Басқа да мүмкіндіктері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ. «Өткенді қайталау» аялдамасы
ІІІ. «Сиқырлы өлең» аялдамасы
ІV. «Шығармашылық сәт» аялдамасы
V. «Сөзжұмбақ» аялдамасы
VІ. «Тест» алдамасы
VІІ. Бағалау
VІІІ. Сабақты қорытындылау
І. Сынып бөлмесіне енген оқушылармен сәлемдесіп, қауіпсіздік ережені ескерте отырып назарларын сабаққа аудару.
ІІ. «Өткенді қайталау» аялдамасында Paint графикалық редақторын қалай іске қосамыз, құралдарының атауы, жаңа құжатты қалай сақтаймыз, сақталған құжатты қалай ашу керек, paint графикалық редакторының терезесінің құрамын атап айтып, іс жүзінде көрсету.
ІІІ. «Сиқырлы өлең» аялдамасында берілген өлең жолдарына шағын сурет салу.
Көктемді ұнатам,
Гүл-гүлді бағы бар.
Жазды да ұнатам,
Жемісі бәрі бал.
Күзді де ұнатам,
Сары алтын жапырақ,
Қысты да ұнатам,
Ақ тонды атырап.
ІV. «Шығармашылық сәт» аялдамасында экранда бейнеленген суретті салу.
V. «Сөзжұмбақ» аялдамасында экранда көрсетілгенсөзжұмбақты шешу .
1. Кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған құрал
( қарындаш)
2. түзу сызықтар сызуға арналған құрал (сызық)
3. шеңбер салуға арналған құрал (эллипс)
4. бұл тұйық контурдың ішін кескін және фон түсімен бояйтын құрал (құю)
5. бұл құрал сурет ішіне мәтін орналастырады (жазу)
6. бұл құрал суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау мүмкіндігін береді (белгілеу)
7. бұл кескіннің не оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгерту (түс таңдау)
8. бұл құрал суреттің тік төртбұрышты үзіндісін үлкейтуге мүмкіндік береді (масштаб)
VІ. «Тест» алдамасында оқушылар экранда көрсетілген тестіге алдарына таратылып берілген бланкаға жауап береді. Жауаптың дұрыстығын экранда көрсетілген жауаптармен салыстырады.
Тест сұрақтары
1. Paint программасының қай түріне жатады?
А.Қолданбалы Ә.жүйелік Б.Стандартты
2. Paint..............
А.операциялық жүйе Ә.ойын Б.графикалық редактор
3. Paint редакторын іске қосу.
А.Пускà программыàстандартныеà Paint.
Ә. Пускà программыàPaint.
Б. Пускà программыàпроводникàPaint.
4. Файл, правка, вид, рисунок, политра, справка
А.Стандартты панел Ә.Меню жолы Б.Құралдар тақтасы
5.Көшіру үшін қандай меню пайдаланамыз?
А.Рисунок Ә.Файл. Б.Правка
6.Сақтау командасы.....
А.Файлàсохранить как Ә.ПравкаàСохранить.
Б.Файлàсохранить.
7. Paint экранына мәтін теру үшін қандай құралды
пайдаланамыз?
А. Қарындаш Ә.түзу құралын. Б.жазу
Сұрақ № А) Ә) Б)
1 +
2 +
3 +
4 +
5 +
6 +
7 +
VІІ. Бағалау
Оқушылардың білім дәрежесіне қарай, берілген тапсырманы қалай орындағанын ескере отырып, тест жауаптарының нәтіижесін қосып бағалау.
VІІІ. Сабақты қорытындылау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.