Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Paint  графикалық  редакторында  жұмыс  істеу. -

Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 449 | Просмотров: 2356 | Размер: 106.9 Kb | Автор: Тәрбие
. I.Сабақтың тақырыбы:
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
II Сабақтың мақсаты:
1.Графикалық редактормен жұмыс істеуді ,сурет салуды,түзу сызықпен, тіктөртбұрыштармен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу, қисық сызықтар ,көпбұрыштар, эллипс, шеңберлер салуды үйрету.
2. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамытып, графикалық редакторда барлық сурет салу элементтерін пайдаланып, өз бетімен сурет салудағы қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, құрал-саймандарды пайдалана отырып, әр-түрлі суреттер мен бейнелерді салуға ынтасын арттырып, дағдысын қалыптастыру.
IIIСабақтың түрі:
Практикалық сабақ.
IV Сабақтың әдіс-тәсілі:
Топтық, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап
V.Технология:
Деңгейлік тапсырмалар, таратпа материалдар, М.М.Жанпеисованың модульдік технологиясы, сын тұрғысынан ойлау.
VСабақтың көрнекілігі:
Венн диаграммасы жазылған таблица, плакаттар, сөз жұмбақтар, суреттер беру.
VI Техникалық құралдар:
Дербес компьютер
VII Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
3) Жаңа сабақ.
4) Бекіту.
5) Қорытындылау.
6) Үйге тапсырма беру.
1. Сыныптағы оқушыларды тексеру. Сыныптың тазалығын тексеру, техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қайталау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын «ой шақыру» әдісі бойынша тексеріп, өткен сабақты еске түсіріп аламын. Үнемі сабағымда «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы» топтастыру әдісін пайдаланамын. Сыныптағы оқушылар осыған дейін екі топқа бөлінген.Сондықтан екі топқа үй тапсырмасын тексеру үшін, екі параққа жазылған сөз беріледі, сол сөзді қамтитын сөздерді жазып береді.Ол мынадай:
I- топ II-топ
Сызық эллипс құю
шеңбер


қарындаш
Paint-ғы Paint-ғы
сурет салу суретті бояу бүріккіш
құралдары кисть құралдары

төртбұрыш қисық сызық көпбұрыш
бояу түрлері
Осы әдіс бойынша өткен үй тапсырмасын еске түсіріп аламын да жаңа тақырыпты бастаймын.

Жаңа сабақ

Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.

«Ұжымдық мақсатты таңдап алу технологиясы» бойынша жаңа сабақтың алдында оқушыларға бірнеше мынадай сөздер жазылған: сурет салу,қайталау, сөзжұмбақ, ребус шешу, тест, фигуралардың сызбасын салу,тағы басқалар. Осы берілген мақсаттарды енді оқушы өзі таңдап ұсынады. Сондықтан мына жаңа сабақта олар : Сурет салу, сөзжұмбақ, тест мақсаттарын таңдап алды.Енді жаңа сабақ сол оқушылардың таңдап алған мақсаттарына байланысты өтіледі.
Paint графикалық редактор растырлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі.Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған. Редактор мынадай мүмкіндіктер береді:
1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салу;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтін енгізуге;
4. Бар графикалық объектілерді түзету;
5. Схемаларды сызу;
Paint бағдарламасын іске қосу үшін мына қимылды орындаймыз.
Пуск Программы Стандартные Paint
Редакторды жүктегенен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, мәзір мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Мәзірді пайдалана отырып, құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын падалана отырып, әр-түрлі бағытта жұмыс істеуге болады. Енді осы графикалық редактордың негізгі элементтерін пайдалана отырып, сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр-түрлі тапсырмалар беру арқылы олардың Paint-та қандай деңгейде жұмыс жасай алатынына көз жеткізуге болады.Сондықтан сыныптағы оқушылардың қалай жұмыс істейтінін білу үшін «Сын түрғысынан ойлау бағдарламасындағы» топтастыру әдісін пайдаланамын.
«Ой шақыру» бағдарламасы бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрап еске түсіріп алған соң, екі топқа дайындап қойған тапсырмалар беріледі.Бірінші топқа деңгейлік тапсырма жазылған таратпа материалдар беріледі Ол мынадай деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

I-деңгей
1. Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.

2. Мына тақпақты жаз.
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.

II-деңгей
1.Сызық құралын пайдаланып жайраның суретін сал.

3. Мына тақпақты жаз.
Үсті-басы ине,
Бұл не деген бейне,
Кірпіге ұқсас заты,
Жайра оның аты.
III-деңгей
1.Тікбұрыш пен дөңгеленген тікбұрыш құралын пайдаланып,
ғимарат сал.

2. Осы саймандарды пайдалана отырып өзің ғимарат сал.
Соны оқушылар ДК-гі графикалық редакторда орындайды. Олар ДК-де орындап жатқанда екінші топқа мынадай сөзжұмбақ беріледі.
1. Аты аталған файлдар тобы.
2. Нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі.
3. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер.
4. Мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған құрылғы.
5. Адам мен компьютер арасыдағы қарым-қатнас.
6. Ақпараттар мен ДК-ні басқару командаларымен енгізу қызметін атқарады.
7. Бағдарламалық тіл.



Қ А П Ш Ы Қ
Ф А Й Л
П И К С Е Л Ь
М О Н И Т О Р
И Н Т Е Р Ф Е Й С
П Е Р Н Е Т А Қ Т А
П А С К А Л Ь




Сосын 1- топ тапсырмасын орындап болған соң әрбір оқушының жұмысы тексеріліп, бағаланадыда 2-ші топпен орнын ауыстырады. Екінші топтың жұмысы тексеріліп, бағаланадыда олар 1-топтың орнына келедіде таратылып берілген деңгейлік тапсырмаларды орындауға отырады.Оларға мынадай тапсырма беріледі.
I-деңгей
1.Әр түрлі типті эллипс құралын пайдалана отырып, бұлттың суретін сал.

3. Мына тақпақты жаз.
-Бұлт-ау,
Көктен төнесің,
Қайдан көшіп келесің ?
-Мұхит жақтан келемін,
Жел үрлесе желемін.
II-деңгей
1.Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін сал.

2. Мына тақпақты жаз.
Ішінде-су,
Үстінде-бу.
Тоймай жұпар иісіне,
Ішесің сүйсіне.
III –деңгей
1. Әр түрлі элементтерді пайдаланып, қарақшының суретін сал.

2. Осыны пайдала отырып, өзіңнің ойыңдағы суретіңді сал.
Оқушылар бұл тапсырманы ДК-де орындап жатқанда 2-ші топ мына сөзжұмбақты шешеді.
1.Кіші әріптерді ауыстырып қосу.
2.Алдындағы символды өшіру.
3.Бас әріптерді ауыстырып қосу.
4.Келесі жолға түсу.
5.Арнайы әрекеттер үшін


C A P S L O C K
B A S K S P A C E
S H I F T
E N T E R
C T R L
Екі топта берілген тапсырманы орындап болған соң тапсырмалары тексеріліп, бағаланады. Содан соң 1-ші, 2-ші топта келесі тапсырмаға көшеді. Бұдан кейінгі таратпа материалдар мен тест беріледі.Бұл тапсырманы оқушы орнында отырып орындайды.
I- топқа «Paint графикалық редактор терезесі» беріледі. Мұнда оқушылар бірінші қатардағы элементтің аттарын жатқа жазады. II-топқа тест сұрақтары беріледі.

1.Графикалық редактордың негізгі терезесінде мыналар болмайды.
А. Тақырып аймағы;
В. көлденең мәзір;
С.құралдар тақтасы, түстер палитрасы және сызықтар енін таңдау алаңы;
Д. Жұмыс алаңы;
Е. Көмек беру шебері:
2.Графикалық редакторда геометриялық фигураларды дұрыс салу үшін қандай пернені басу жеткілікті:
A.Ctrl;
B.Alt;
C.Shift;
D.Tab;
E.Ins;
3.Қай перне «қою-алмастыру» режімін ауыстырады?
A.Numlock;
B.Capslock;
C.Enter;
D.Insert;
E.Shift;
4.Ақпараттың ең кіші бөлігі;
А.байт;
В.Кбайт;
С.бит;
Д.Мбайт;
Е.Код;
5. Microsoft Windows ортасымен жұмыс жасауда «алмастыру буфері»
ұғымы қайсысында жиі қолданылады.
А.операциялық жүйелерде орналасқан жадтар аумағының бөлігі;
В.ақпараттарды сақтаудың арнаулы оперативтік жадтар аумағы;
С.Word қосымшасының терезесі;
Д.винчестердегі жад аумағы;
Е. Диск құрылғысында орналасқан дискінің жад бөлігі.
Екі топ өздеріне тиісті тапсырманы орындап болған соң тексеріледі, тиісті бағамен бағаланады. Содан соң екі топтың тапсырмалары ауыстырылып беріледі. Яғни
I-топқа тест сұрақтары беріледіде, II-топқа «Paint графикалық редактор терезесі» беріледі. Бұл тапсырманың оқушылар ДК-де орындайды. Екі топ тапсырманы орындап болған соң, тексеріліп бағаланады. Содан соң сабақты бекітіп қорытындылау үшін «Венн диаграммасы» бойынша тапсырма жазылған плакат ілінеді. Ол мына түрде болады.

Сурет салу құралы Ортақ элемент Бояу құралы
Қарындаш файл Құю
Сызық түзету Бүріккіш
Эллипс сурет Кисть
Шеңбер түр Бояу түрлері
Көпбұрыш
Төртбұрыш
Қисық сызық

Оны екі топ кезектесіп шешеді. Қайсы топтың оқушысы қалай жауап бергеніне байланысты бағаланады. Бұдан кейін екі топқа «Түртіп алу» әдісі бойынша тапсырма жазылған плакат ілінеді.Бұл тапсырманы да оқушылар кезектесіп шешеді. Қай топтың оқушылары көбірек шешеді соны ескере отырып бағаланады.

Білемін Білдім Білгім келеді



Қорытынды бөлімі:

Бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылардың жауап бергеніне байланысты, тапсырманы орындағанына байланысты әрбір топтың оқушылары бағаланады. Және екі топтың оқушылары өздерін бірін-бірі берілген тапсырмалар бойынша сабақтың соңында бағалайды.

Үйге тапсырма:

Өзіңе ұнайтын суретті дайындап алып келіңдер.

Қолданылған әдебиеттер:
[1] М.М.Жанпеисова «Модульдік технология» 2006 жыл
[2] Дж. Сорос «Сын тұрғысынан ойлау»
.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.