Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Paint графикалық  редакторының құралдары -

Paint графикалық редакторының құралдары

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 284 | Просмотров: 1838 | Размер: 77.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Жаңарық ауылы

№167 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Нурманова Жаксыкул Аббасовна

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Paint графикалық редакторының құралдарымен таныстыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын дамытып, жетілдіру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды шапшаңдыққа, тез шешім қабылдағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру
А) оқушыларды түгелдеу
Б) оқу құралдарын тексеру
В) сабақ барысымен таныстыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Қорытындылау
ә) үйге тапсырма беру
Өткен материялды қайталау сұрақтары:
• Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
• Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
• Paint графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
• Сурет салу әдістері қалай орындалады
• Түстер палитрасының қызметі қандай?
• Меню жолының қызметі қандай?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Түзу сызық сызу
Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:
1.Линия батырмасын шертеміз
2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.
3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.
4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.
5.Маустың батырмасын жібереміз
Төртбұрыштар мен квадраттар салу
Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.
2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.
3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар
4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. Маус батырмасын шертіңдер.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.
Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:
1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.
2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.
3. маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. маус батырмасын жіберіңдер.
Эллипс және шеңбер салу
Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:
1. Эллипс батырмасын шертіңдер.
2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.
3. маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.
4. маус батырмасын шертіңдер.
Қисық сызықтарды салу:
1.Кривая құралының батырмасын шертеміз
2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз
3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз
4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз
5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз
Көпбұрыштар салу:
1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз
2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз
3.Бірінші сызықты саламыз
4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.
Құю (Заливка) құралын пайдалану:
1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз
2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз
3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз
Бүріккіш құралын пайдалану:
1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.
2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.
4.Бояуды бүркеміз.
Қылқаламмен сурет салу:
1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.
2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.
3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.
4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.
5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.
6.Маус батырмасынжібереміз.
Өшіргіш құралын пайдалану:
1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.
2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.
3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.
4.Батырманы жібереміз.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
• Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
• Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
• Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
• Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Үйге тапсырма:
Paint графиктік редакторының құралдары. Тік сызықтарды
Шаршыларды, тіктөрбұрыштарды, эллипс, шеңбер салу

Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.