.
.
Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редактор Paint графиктік редактор
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1474 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін, жүктелуі және суретпен жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып есте сақтау, ойлау қабілетін, компьютерлік іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбекке, қоршаған ортадағы көрген дүниесін бейнелей білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, тест.
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тест
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу әдебі: Оқушылармен сәлемдесу
ә) сабақққа қатысуын бақылау: Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау «Ой қозғау»
1 слайд. Интерактивті тақтада шарлардың ішіне жауаптар жазылған, егер дұрыс жауап берсе шар әуеге қалықтайды, дұрыс болмаса шар сөніп қалады.
2 слайд. Ақпараттардың түрлерін дұрыс орналастыр.
Мәтіндік ақпарат- сурет, сызба, схема,фотосурет
Дыбыстық ақпарат- оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма
Графикалық ақпарат- ән айту, сигнал, сөз
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Paint графиктік редакторды іске қосып, ондағы құрал-саймандар тақтасымен жұмыс жасауды түсіндіру, үйрету.
Paint графиктік редактордың терезесінің элементтерін түсіндіру.
Төртбұрыш, эллипс, тік сызық, құю, өшіргіш батырмаларымен жұмыс жасап көрсету.
IY. Сабақты бекіту
1. Интерактивті тақта арқылы оқушылар өздері Paint графиктік редакторды іске қосып көрсету керек.
2. Флипчарта Paint графиктік редактордың терезесінің элементтерін сілтемелерге сәйкес орналастыру керек.
Y . Практикалық тапсырма
Интерактивті тақта арқылы практикалық тапсырма берілген соны әр оқушы өз компьютеріне салады.
YI. Тест сұрақтары
10 тест сұрағы берілген. Жауап берген соң оқушылар дәптерлерін бір-бірімен ауыстырып, жауабын тақта арқылы тексереміз.
YII. Флипчарт арқылы.
Қораптың ішінде сыйлықтар жасырынған (компьютерлік құрылғылар). Оқушылар кезекпен қораптан алып шыққан құрылғылардың атын жазып, қызметін айтады. Дұрыс айта алмаса басқа оқушы сыйлықты алып кетеді.
YIIІ. Үй жұмысы.
106-108 бетті оқып келу, қарапайым фигуралардан сурет салып келу.
ІХ. Оқушы білімін бағалау.
Аты-жөні: Жобалаева Айгуль Серікқызы
Білімі: жоғары, ЖГУ 1999 ж.
Мамандығы: информатика пәнінің мұғалімі
пед. өтілі: 11 жыл
Санаты: ІІ
Жұмыс орны: Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.