Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Paint графиктік редакторының құралдары -

Paint графиктік редакторының құралдары

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1302 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырып: Paint графиктік редакторының құралдары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік. Оқушыларды сурет салу құралдары тақтасымен таныстыру және сол құралдарды пайдалана отырып құжатқа сурет (әр түрлі геометриялық фигураларды,схемаларды және т.б. суреттерді)сала білуге үйрену.
2. Дамытушылық. Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып,сурет салу шеберлеріне баулу,сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық,ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.
3. Тәрбиелік. Тәртіптілікке, сабырлылыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Түрі: теориялық-практикалық
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, бейнелеу.
Көрнекіліктер: компьютер, үлестірмелі материалдар.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс: -Редактормен жұмыс кезеңін, мәзірін және мәнін.
Оқушылар үйренуі тиіс: -Сурет салуды, редакторлеуді,сақтауды және сақталынған суретті ашуды.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап.
1.Paint программасын не үшін пайдаланады?
2.Paint программасын іске қалай қосылады?
3.Paint графиктік редакторының терезесінің элементтері.
4.Paint графиктік редакторында салынған суретті қалай сақтайды және сақталынған суретті ашу жолдарын айтыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.Осы құралдар мен жеке жұмыс істеу мысалдарымен таныстырамын . кез келген аймақты бөліп алу құралы
бөліп алу батырмасы
түрлі түсті өшіргіш
құю құралы
түс тағдау құралы
масштаб құралы суреттің жеке бөлігін үлкейтуге арналған.
кез келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған қарындаш
ерікті сызықты сызуға арналған қылқалам
сурет ішіне мәтін енгізу
бүріккіш
түзу сызық сызу
Қисық сызықтарды салу:

тік төртбұрыш және квадрат салу
Көпбұрыштар салу
Эллипс және шеңбер салу
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

ІV. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
надпись құралын пайдаланып, мәтінді теріп, жауабын бейнелеп көрсет.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізгі,
Дәл жауапты қостадым,
ІІ деңгей
а) төртбұрыш, көпбұрыш, қарындаш т.б құралдарын «Менің үйімнің ауласы» тақырыбында сурет сал.

Сабақты бекіту сұрақтары:
• Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
• Көпбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
• Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
• Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
• Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Үйге тапсырма:
Paint графиктік редакторының құралдары. Тік сызықтарды
шаршыларды, тіктөрбұрыштарды, эллипс, шеңбер,
көпбұрыш, қисық сызық салу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.