.
.
Тақырып: Paint – тің қосымша мүмкіндіктері. Paint – тің қосымша мүмкіндіктері.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1843 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың Paint бағдарламасында үзінділермен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру. Үзінділермен жұмыс жасауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды үзінділермен жұмыс жасау тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Суретті қалай сақтаймыз?
2) Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?
3) Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?
4) Мәтіні бар суретті қалай саламыз??
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Белгілеу немесе Ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:
1. Алмасу буферіне қиып алу.
2. Алмасу буферіне көшіру.
3. Осы суретті басқа жерге апару.
4. Берілгенсуреттің өлшемінде көшіру.
5. Оны сурет бойынша «көбейту».
6. Пішіні мен өлшемін өзгерту.
7. Өлшемін өзгерту және қисайту.
8. Төңкеру немесе кері бұру.
9. Түсін өзгерту.
10. Өшіру (жою).
Үзіндіні жылжыту және көшіру.
Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдалануға болады. Вырезать командасын таңдағанда, Paint программасы үзіндіні суреттен алып, алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасын орындаса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне көшірмесі орналастырылады.
Суреттің үзіндісін көшіру үшін:
1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
2. Правка – Копировать командасын орындаңдар.
3. Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.
4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.
Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:
1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
2. Правка – Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді.
3. Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіні терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.
4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма. Киімдерін ауыстырыңдыр.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Сурет көлемін қалай өзгертеміз?
2 Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?
3 Суретті баспаға шығару командасы?
4 Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?
5 Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға үзінділермен жұмыс жасауға үйрету.
7) Үйге тапсырма § 4.4, бет. 133-143
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.