Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Паскаль - программалау тілі» -

Паскаль - программалау тілі»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2262 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін: «Келісілді» «Қаралды»
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: ӘК отырысы №1 хаттама
__________________ ____________________ _____________________
Б.К. Найманбаева С.К. Сапакова С.К. Жайынбекова
Қолданбалы курс тақырыбы:
«Паскаль - программалау тілі»

Мектеп: Т.Қатаев атындағы «№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бағыты: жаратылыстану – математикалық бағыт

Курсты құрастырушының аты-жөні: Дильманова Умит Мейрамбековна
Санаты: 2

2015-2016 оқу жылы
«Паскаль программалау тілі» қолданбалы курсы

Курстың негізгі мақсаты :
Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау. Олимпиада есептерінің негізгі типтерін қарастыру, ондай есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың программалау технологиясын жетік меңгеруіне көмектесу.
Курстың міндеті:
• программалаудың негізгі идеялары мен принциптерін оқыту, белгілі әдістерді (алгоритмдерді) меңгерту;
• программалау тілдерінің айырмашылықтарын,файлдық құрылымды атап көрсету;
• программалау тілінің алгоритмдік конструкциясын таныстыру;
• құрылымдық және модульдік программалау ұғымын, массивтерді құрастыру, сипаттау және өңдеу арқылы нақты тәсілдерін көрсету;
• бір есепті әртүрлі әдістермен және құралдармен шешу.
Күтілетін нәтиже:
• Есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйренеді.
• Алға қойған мақсатқа жетуге үйренеді.
• Программалау технологиясын жетік меңгереді.
• Мамандық таңдауға, практикалық жұмыстарға бейімделеді.
• Шығармашыл жеке тұлға қалыптасады.

Түсінік хат

Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізілуі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-сызбалар және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.
Бұл бағдарлама «Паскаль – программалау тілі» тақырыбында 10 сыныпқа арналып жасақталды.
Соңғы уақытта құрылымдық программалау тілі - Паскальға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі олимпиада материалдарын орындау талабына сай оны тек Паскаль программалау тілінде жазу ұсынылады.
Қолданбалы курстың құндылығы өтілген материалдан кейін деңгейлік тапсырмалардың берілуімен ерекшеленеді. Курстың мазмұны Паскаль программалау тілінің әліппесінен басталып, құрылымдық программаларды құру тәсілдерін толық қамтиды. Қолданбалы курс бағдарламасы мектеп оқушыларының түсінігіне сай құрылған.
Мұнда Паскаль программалау тілінің командаларына түсініктеме беріліп, сәйкес мысалдармен жүйелей түсіндіру оқушының материалды жан-жақты игеруіне игі әсерін тигізеді.
“Жиым” тақырыбын түсіндіруде әр түрлі тәсілдер мен мысалдар келтірілген. Аталған тақырып программалау тіліндегі ең күрделі тақырыптардың бірінен саналады, әрі ол барлық операторлардың қызметін қамтиды. Сондықтан оны түсіндіруге жеңіл, игеруге аса тиімді әдістер қолданылған.
Графиктік және символдық ақпараттарды программалау тілінде өңдеудің ұтымды әдістері мысалдар арқылы беріліп, түсіндірілген.
Жоғарыда аталған мәселелерді негізге алар болсақ, бұл курс бағдарламасы оқушылардың Паскаль программалау тілінде есептерді жүйелі шығаруына және олимпиада есептерін шешуде оңтайлы жолдарын таба білуіне бағытталады.

«Паскаль - программалау тілі» қолданбалы курсының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары

№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Түзету-лер
Алгоритмдеу негіздері (2 сағат)
1 Алгоритм, программа ұғымдары
1
2 Алгоритмдерді графикалық түрде жазу
1
Паскаль - программалау тілі (5 сағат)
3 Паскаль тілінің негізгі элементтері 1
4 Мәлімет типтері
1
5 Стандартты функциялар
1
6 Өрнектер және олардың жазылуы
1
7 Есептер шығару
1
Паскаль тілінде программа жасау (11 сағат)
8 Программа құрылымы
1
9 Белгілерді сипаттау 1
10 Паскаль тілінің операторлары 1
11 Меншіктеу операторы
1
12 Көшу операторы
1
13 Шығару операторлары 1
14 Паскаль тілінің басқару операторлары
1
15 Шартты операторлар
1
16 Таңдау операторы
1
17 Қайталау операторлары
1
18 Есептер шығару
1
Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар (5 сағат)
19 Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері
1
20 Символдық мәліметтерді енгізу
1
21 Мәтіндік ақпаратты өңдеу
1
22 Тіркестік өрнектер 1
23 Есептер шығару
1
Графика (4 сағат)
24 Паскаль тілінде сурет салу
1
25 Сурет салу кезеңі
1
26 Координаталар жазықтығы
1
27 Геометриялық фигураларды салу процедуралары
1
Жиымдар (7 сағат)
28 Жиымдар 1
29 Бір өлшемді жиым
1
30 Бір өлшемді жиымдарды өңдеу
1
31 Бір өлшемді жиымдарға есептер шығару
1
32 Екі өлшемді жиым
1
33 Екі өлшемді жиымдарға есептер шығару
1
34 Бақылау жұмысы 1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Программалау тiлi. К.Абдиев
2. Паскаль тіліндегі программалау негіздері. А.Б.Дәулетқұлов, С.С.Алғазы
3.“Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту” Б.Д.Сыдықов
4.“Паскаль тілінің негіздері” Б.Нақысбек, Г. Халықова
5. “Turbo Pascal” Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов
6. «Информатика және компьютер» Бөрібаев Б.
7. «Паскаль программалау тілі» Досмайлов Т. Қ

Қолданбалы курс бағдарламасын жоспарлаған:
Дильманова Умит Мейрамбековна

Бағдарлама политехникалық пәндер ӘБ отырысында талқыланды:
Хаттама №1 26 тамыз 2015 жыл

Т.Қатаев атындағы «№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
28.08.2015 жыл педагогикалық кеңесінде талқыланып, бекітілді.

Мектеп пед.кеңесінің төреғасы: Б.К.Найманбаева
Хатшы: Г.Т.Кабаева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.