.
.
Сыныбы: 10 Б Power Point-программасымен презентация жасау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1666 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Power Point-программасымен презентация жасау.
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Power Point программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;
Тәрбиелік: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен
компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу ;
Дамытушылық: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, MS Power Point бағдарламасы, слайд, карточка (практикалық жұмыс);
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық, практикалық;
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) үй тапсырмасын тексеру (Мысыр еліне саяхат)
б) өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабаққа көшу
в) жаңа сабақ
г) сабақты бекіту (практикалық жұмыс «ПИРАМИДА»)
ғ) бағалау
д)үйге тапсырма
е) қорытынды
а) ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасау, оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру.
ә) үй тапсырмасын тексеру (Қызықты сұрақтар)
• Қандай операциялық жүйе түрлерін
• білесіңдер?
• MS Office-құрамына енетін
• программаларды атаңдар
• Power Point программасы қандай
• мақсаттарға қолдануға ыңғайлы?
Презентация дегеніміз -
• Power Point-ң қандай мүмкіншіліктерін
• білесіңдер?
Слайд дегеніміз-
Анимация дегеніміз не?
Power Point-та қандай меню атауларын білесіңдер?
• Power Point программасын қалай
• қосуға болады?
Сұрақтарды интерактивті тақта арқылы арнайы квадраттан санды таңдау арқылы қоямын.
Экран мына түрде болады:
Әрбір оқушы тұрып жауап берген соң сұрақтың жауабы тексеріледі.
б) өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабаққа көшу
Microsoft Office-ң бірнеше программалары бар. Олар: Word, Excel, PowerPoint, Access. Word, Excel-ді сіздер 8 сыныпта оқыдыңдар, енді 10 сыныпта бүгін PowerPoint келіп тұр. Келесі оқу жылында, яғни 11 сыныпта Access программасын –тет3н боламыз.
Ал бүгінгі біздің та0ырыбымыз МS PowerPoint.
в) жаңа сабақ
PowerPoint программасы және «презентация» ұғымы бір бірімен тығыз байланысты.
Презентация – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау және тағы басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсыну.
Мысал келтіру. Оқушылардан сұралады: егер сендердің өнім өндіретін жеке фирмаларың болса, қалай жарнама жасар едіңдер(Натуралды шырын, шоколад конфеті, автомашина дөңгелегі, құрылыс материалдары). Оқушылар өз ойларын айтады. Презентация жасап, өнімдері туралы толық мәлімет беретінін.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасаудың құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Power Point интерфейсін іске қосу.
Пуск®Программы®MS Office®Power Point.
Экраннан MS Power Point бағдарламасы ашылып, Power Point ортасымен визуалды таныстырамын.
Анимацияны қолданып жарнама құруды үйретемін(кітапты жарнамалау)
г) сабақты бекіту (практикалық жұмыс «ПИРАМИДА»)
1. MS Power Point бағдарламасын қос.
2. Формат-Фон командаларын орындап, бетке түс таңдау.
3. Зоголовок слайда жазуының орнына ПИРАМИДА сөзін жаз.
3. Автофигуры – блок-схема командасын орындап квадрат фигурасын таңдап, тақтадағыдай пирамида жасаймыз.
4. Квадратың түсін сарыға бояп, бірден-бірге кішірейте берміз.
5. Әр квадраттың ішіне тышқанның оң жағын басып, добавить текстті таңдап операциялық жүйе түрлерін жазамыз.
ғ) бағалау бөлімінде оқушыларды бағалау
д)үйге тапсырма 1.6 тақырып. «Менің сыныбым», «Менің жанұям» тақырыбына презентация жасауға материал(фотосурет, тексттер) жинап келу.
е) қорытынды Сабақты аяқтау, оқушылармен қоштасу.
Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы
АШЫҚ САБАҚ
«Power Point программасымен презентация жасау»
10 «Б» сыныбы
Өткізген: информатика пәні мұғалімі Байтүлеков Е.Қ
Желтоқсан, 2012 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.