Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
PowerPoint бағдарламасының  жалпы мүмкіндіктері. -

PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1358 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы
«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Қуатбаева Жанат

І. Сабақтың тақырыбы: PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері.
.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Қосымша ақпаратпен білімдерін
толықтыру.
Тәрбиелілік: Компьютермен жұмыс істеу барысында
ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты
балаларды сақтыққа үйрету
Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте
отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірме тапсырмалар

Өту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой-қозғау

Техникалық құралдар: компьютер, оның жабдықтары

ІІІ. Сабақтың барысы:

1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі
2-кезең. Сергіту сәті
3-кезең. Мамандық таңдау
4-кезең. Сарамандық жұмыс
5-кезең. «Менің болашаққа арманым»
6-кезең. Сәйкестендіру тесті

1. Оқушылармен амандасу
2. Кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.
1. Сергіту сәті


---------------------------------------------------------------------------

Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап, бірін ал!
1. Сұрақтарға жауап беру.
2. Мамандық иесі атану.

Мұғалім, дәрігер, есепші, экономист, журналист, сәулетші, спорт маманы, заңгер, программалаушы
1. Microsoft PowerPoint қандай программа?
Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді.
2. PowerPoint-тың негізгі міндеті қандай?
Ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
3. Көрме деген не?
Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.
4. PowerPoint бағдарламасын іске қосу.
Бастау- Бағдарламалар - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз.



Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:
 Жаңа презентация (Новая прзентация)
 Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
 Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз.

PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір
Еxcel 1.Нысанға жан бітіру
программасы (.ppt)

Word 2. Графикалық қолданба
(.bmp)

PowerPoint 3. Мәтіндік редактор (.doc)

Paint 4. Электрондық кесте (.xls)

Үйге тапсырма беру: PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.