.
.
ЖШС «ЖАНЫҚҰЛ» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ PowerPoint программасының негізгі түсінігі, презентация құру техникасы.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1997 | Размер: | Автор: гостьАШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: PowerPoint программасының негізгі түсінігі, презентация құру техникасы.
Дайындаған пән оқытушысы Жассакова Жамила Жанузаковна
Сабақтың тақырыбы: PowerPoint программасының негізгі түсінігі,
презентация құру техникасы.
Сабақтың мақсаты: Информатиканы жетік білу, компьютерді
қолдану арқылы слайдтар жасай білу.
Білімділік: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасын қолдана отырып
слайд-шоу құру жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың тиімді тәсілдерін қолданып, танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе алатын, өз бетінше жұмысты жоғары деңгейде орындай білетін, жауапкершілік қасиеттері қалыптасқан қабілетті тұлға қалыптастыру, адамгершілікке, инабаттылыққа, отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, оқулық, компьютер, проектор,,сұрақтар, тесттер, крассворд.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) студенттерді топқа бөлу
б) сабақтың өтілу барысын айту
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сұрақ-жауап (кодтау әдісі, жылдамдығын өлшеу «ия», «жоқ»)
2. Тест, сөзжұмбақ шешу
3. Сергіту сәті (жұмбақ, сәйкестендіру)
4. Кім білгір? Сайысы
5. Үй тапсырмасы (анатомия пәнінен «адамның ішкі ағзалары», микробиология пәнінен «микробтар мен вирустар» слайд құрастыру,қорғау)
1. Сұрақ-жауап
1. Word редакторында мәтінді өзгертуге болады. (ия)
2. Терілген мәтінде керексіз жолды өшіру үшін бірден Delete пернесін басамыз. (жоқ)
3. Дайын мәтінді принтер арқылы баспаға береміз. (иә)
4. Дискіге сақталған мәтінге өзгерту жұмыстарын жүргізуге болады. (иә)
5. Word редакторын тек жанама мәзір арқылы іске қосамыз. (жоқ)
6. Қазіргі заманғы компьютерлер ақпараттың іздеу, жинау, сақтау, өңдеу сандық пішімдеу түрлерімен жұмыс істейді (ия)
7. Модем – байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы (ия)
8. Ішкі құрылғыларға мыналар жатады: принтер, модем,колонка (жоқ)
9. Компьютерлер әдетте екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді (ия)
10. Ақпараттың өлшем бірліктері тонна, килограмма (жоқ)
11. Компьютерді қосар алдында өлшіреміз (жоқ)
12. Микропроцессор компьютердегі мәліметтерді өңдеу құрылғысы (ия)
13. Ақпараттың ең үлкен және ең кіші бірлігі «0», «1» (ия)
14. Монитор бұл – пернетақта (жоқ)
15. Тұрғылықты диск - хаттар жіберуге арналған (жоқ)
16. Компьютерде үзіліссіз жұмыс істеу керек (жоқ)
17. Дыбыстық тақша сапалы дыбыс тудыруға,жазуға мүмкіндік береді (ия)
18. Көз бен монитор арасындағы қашықтық 70см-ден аз болмауы керек (ия)
19. Пернетақтаның негізгі 4 бөліктері бар (ия)
20. Жұмыс үстелінің стандартты көріністе қосымшалар терезесі орналасады (жоқ)
21. Себет – құжаттарды сақтауға арналған (жоқ)
22. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы (ия)
23. Интерфейс – қатынас жасау тәсілі (ия)
24. Мәтіналғы (сканер) – мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жоятын құрылғы (жоқ)
25. Тінтуір 4 бөлікке бөлінеді (жоқ)
26. Windows амалдық жүйенің негізгі нысаны терезе (ия)
27. Терезе – бейне беттегі жиектермен қоршалған үшбұрышты аймақ (жоқ)
28. Windows терезелерін 4 топқа бөлуге болады (ия)
29. Компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын -Амалдық жүйе (ия)
30. Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды (ия)
31. Ақпарат енгізу құрылғылары: принтер, модем (жоқ)
32. Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 5,5-дюймдік дискеттерді оқиды (жоқ)
33. Басып шығарғыш – сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы (ия)
34. Желілік орта – желіге қосылған компьютерлер тізімін көрсетеді (ия)
35. Бір мезгілде бірнеше бағдарламаның терезелері орналасуы мүмкін емес (жоқ)
36. Жабу батырмасы индикаторлар үстелінде орналасады. (жоқ)
37. Файл бұл – дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. (ия)
38. Сұхбат терезесі-қосымша ақпарат енгізу үшін қолданылады. (ия)
39. Терезенің жоғарғы жиегінде индикаторлар үстелі орналасады. (жоқ)
40. Белсенді емес терезелер өз алдына жұмыс жасай береді. (жоқ)
41. Күй жолағы- құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін,бөлімін,санын көрсетеді (ия)
42. Қалыпталған бағдарламалармен жұмыс істеуге болмайды. (жоқ)
43. Файлдарды сақтауда әріптер пайдалануға болмайды (жоқ)
2. Сөзжұмбақ шешу
1.Сызбалық өңдегіші қарапайым сызбалық кескіндер,суреттер жасауға арналған бағдарлама.
• 2.Лазерлік дискіні оқитын дискжетек
• 3.Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған АЖ.
• 4.Мәтін ендіру кезінде меңзерді бір қатар төмен түсіру пернесі.
• 5.Арнайы комбинация пернесі.
• 6.Үлкен әріппен жазу пернесі.
• 7.Мәтін енгізу программасы.
• 8.Суреттер салу үшін қолданылатын стандартты программа.
• 9.Жүгіргіні сөздің соңына апаратын перне қалай аталады?
• 10.Жүгіргінің оң жағында тұрған символды өшіретін перне.
P А I N T
C D R O M
W I N D O w s
E N T E R
C T R L
С A P S L O C
W O R D
P A I N T
E N D
D E L E T E
3. Сергіту сәті.
Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір
Еxcel Нысанға жан бітіру
программасы (.ppt)
Word Графикалық қолданба (.bmp)
PowerPoint Мәтіндік редактор (.doc)
Paint Электрондық кесте (.xls)
Сәйкестендір
Қатты аппарат
Перне сақтау
Мәліметтерді диск
Файлды блок
Ақпарат шығару
Жұмсақ
Серігі бар қасында, кілемі бар астында
Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар жалғанған
(тінтуір)
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(басып шығарғыш)
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған.
(монитор)
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз.
(пернетақта)
4. Кім білгір?
Оқушының ағылшын, орысша, қазақ тілдерінде информатика пәніне қатысты терминдерді меңгеруін тексеру.
1. Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы. (Менің компьютерім – Мой компьютер – My computer)
2. Компьютер жады сыйымдылығын өлшеу бірлігі. (Мбайт-Мегабайт, Мбайт-Мегабайт, МВ-megabyte).
3. Компьютерде дыбысты, информацияны,тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. (Мультимедия – Мультимедия – Мультимедия – Multimedia).
4. Сандарды жазып, бейнелеу тәсілі. (Санау жүйесі – система счисления – Number system).
5. Программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютерлердің негізгі құрылғысы. (Процессор- Процессор – Processor).
6. Желіге кіру үшін, рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. (Пароль- Пароль-Password).
7. Жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластина түрінде жасалған мәлімет жинақтауыш құрылғы. (Диск- Диск – Disk).
8. Программадағы немесе құрылғыдағы ақау. (Қате – Ошибка – Error).
9. Компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын алмалы-салмалы шағын табақша түрінде жасалған.(Диск- диск- disk)
10. Сандық шамалар мен олардың ара қатынастарын геометриялық тәсілдермен көрсете отырып шартты түрде кескіндеу.(Диаграмма- диагремма-diagram)
5.Үй тапсырма. (анатомия пәнінен «адамның ішкі ағзалары», микробиология пәнінен «микробтар мен вирустар» слайд құрастыру,қорғау)
IV.Сабақты қорытындылау.
V.Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.