.
.
Күні: Практикалық жұмыс. Сурет үзінділерімен іс-әрекеттер орындау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2128 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып: 5 б
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс. Сурет үзінділерімен іс-әрекеттер орындау.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Paint графикалық редакторының міндеттері мен құрал-саймандарын пайдалануды пысықтау, өткен тақырыптар бойынша тәжірибелік жұмыстарды қолдана білу
Дамытушылық: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ әдісі: қайталау
Қолданылатын құрал: компьютер, оқулық, домино, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Психологиялық дайындық:
Күлім қағып қолымды
Бір-екі, үш деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сыйпайын
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныңмен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтап бір қысайын.
ІІІ. Техникалық диктант
1.Paint бұл графикалық редактор.
2.Paint графикалық редакторында негізгі ......... түспен сурет салынады.
3.Олар .............................................. .
4.Paint графикалық редакторының жұмыс беті ............ бөлімнен тұрады.
5. Paint графикалық редакторының тақырып жолында....................... батырмалары орналасқан.
ІV. «Домино» ойыны. Paint гафикалық редакторының құралдарын табу
V. Практикаға шолу. «Итті ояту». Графикалық редакторда берілген суретті аяқтау және оны бояу.
- Ақтөс ұйықтап жатыр;
- Ол қай мезгілге ұйықтайды? (Түнде. Ола болса жоғары жағына ай салайық.)
- Енді Ақтөсті оятуымыз қажет. Ол қай уақытта оянады? (Күндіз. Олай болса айдың күн етіп толықтырайық);
- Таң атты. Ақтөсті оятуымыз қажет. Бірақ оның көзі жұмулы тұр. Енді не істейміз? (Көзін саламыз);
- Ақтөс оянды. Енді оны тамақтандырайық. (Тамақтың суретін саламыз)
- Үйін әдемілеп бояйық.
VІ. Қызықты диктант.
1. Үлкен шеңбер салыңдар.
2. Осыған ұқсас бір-бірінен сәл кішілеу үш шеңбер салып үлкен шеңбердің ішіне бірінен соң бірін орналастырыңдар
3. Шеңбердің ортасынан горизонталь түзу сызық жүргізіңдер
4. Шеңбердің түзу сызықтың астындағы бөлігін өшіріңдер.
5. Доға пайда болды
6. Доғаның жоғарғы жағынан бастап төменге қарай центрі бойынша қисық сызық жүргізіңдер.
7.Салынған қисық сызықтың төменгі жағын сәл солға бұрыңдар.
Сол кезде қандай сурет шықты?
VІІ. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 144-бетіндегі тәжірибелік жұмыстарды орындау. Деңгейлік тапсырма.
VІІІ. Ой сергіту «Сәйкестендіру»
ІХ. Бекіту сұрақтары.
1. Графикалық редактор деген не?
2. Графикалық редактордың құралдарын ата;
3. Масштаб құралын не үшін пайдаланамыз?
4. Суреттің үзіндісін жылжыту үшін қандай құралды пайдаланамыз?
VІІІ. Үйге тапсырма: Графикалық редактор тарауын қайталау.
Қорытынды: бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.