Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Процедуралар және функциялар -

Процедуралар және функциялар

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5609 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 орта мектеп



«Алтын диск» байқауы.

Тақырыбы: VB-де Процедуралар және функциялар
Сыныбы: 10 «А»



Өткізген: Смадиярова Г.Ж.

Ақтау қаласы

І. Сабақтың тақырыбы: Процедуралар және функциялар
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Visual Basic бағдарламасын қосымша құрып үйрену, стандарттық басқару элементімен танысу және VB-тің процедураларымен және функцияларын қолданып білу
Бағдарламалық қамтамасыз ету: WINDOWS 7, Microsoft Visual Basic 6.0
Техникалық қамтамасыз ету: Персоналдық компьютер және Интерактивті тақта
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
IІІ. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
ІV. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
V. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) жаңа сабақ
б) бекіту
в) үйге тапсырма
г) қорытынды
Жаңа сабақ
Visual Basic-ті іске қосу Пуск- Visual Basic 6.0 командасымен жүзеге асырылады.
Visual Basic бағдарламалау ортасы терезесінде New Project терезесі болады.
Терезе үш қосымша беттен тұрады: New(Жаңа жобалар) Existing(Қолданыстағы жобалар) Recent(Жақында пайдаланылған жобалар)

Visual Basic программа жазу арнайы Код терезесі деп аталатын терезеде жазылады. Проектіде қолданылған әр форманың өзінің программалық код терезесі болады. Код терезесінің жоғарғы жағында Объектілер тізімі және Процедуралар тізімі деп аталатын екі контейнер-терезе орналасқан. Олардың тізімдері жанында орналасқан тілсызықты шерту арқылы ашылады. Объектілер тізімі проектіні формасында қолданылған барлық объектілер аттарынан тұрады.
Процедура дегеніміз-Sub және End Sub түйінді сөздері арасында жасалған және өз аты бар бағдарламалық кодтың блогы. Процедура (немесе оны бағыныңқы программа деп те атайды) өзіне кіретін нұсқауларды орындайды.
Процедуралар тізімі таңдалған объектіге сәйкес оқиғалар аттарынан тұрады. Код терезесі алғаш рет ашылғанда Объектілер тізімінде ал Процедуралар тізімінде сөзі көрініп тұрады. Объект пен оқиғалар таңдалғаннан кейін олардың орнына таңдалған объект пен оқиғаның аты жазылады. Программалық код терезесін форманы немесе формада орналасқан кез-келген объектіні таңдап екі рет шерту арқылы да ашуға болады. Бұл жағдайда Объектілер тізімінде таңдалған объект аты көрініп тұрады, ал процедуралар тізімінде оқиға аты таңдалған объектіге байланысты шығады. Программалаушы объект пен оқиға атын таңдағаннан кейін процедураның тақырыбы мен аяқталу белгісін автоматты түрде жазып, оның жұмысын көп жеңілдетеді.

Жобаны сақтау үшін
File-Save Project немесе Save Project as
Жобаны дискіге жаңа папка ашып сақтау ыңғайлы. Себебі жоба кем дегенде екі файлдан тұрады – жоба және пішін. Меню File командасы арқылы бұрын сақтап қойған жобаларды да ашуға болады - File, Open Project.
Енді басқару элементтерін қарастырайық.
VB-тің командалық батырмалары
(Command Button)
 Батырманың басқа да қасиеттерін өзгертуге болады, мысалы жазу қарпі. Ол үшін қасиеттер терезесінен Font қасиетін тышқанмен, 3 нүктеге шертіңіз, сонда қаріптерді өзгертетін терезе шығады.
 Қасиеттер терезесінде: Back Color-фонды бояу, Fore Color-мәтінді бояу
ComandaButton батырмасына 8 наурыз мәтінін жазып, оны екі рет шертіп код терезесіне Print операторын жазып ‘Көктем келді’ сөзіне ауыстырып және жіберу батырмасын бассақ код терезесіне, 8 наурыз сөзі көктем келдіге ауысады бұл жерде Print операторы ол басып шығару дегенді білдіреді ал End операторы істен шығу дегенді
Арифметикалық амалдарды орындау үшін str операторын қолдану. мысалы Str>=Len болса жолдың ұзындығын тексеріп берілген үлкен немесе тең санды символ екенін көрсету операторы, ал бұл жерде Label1.Caption = Str(100*50) болса көбейтіп
нәтижесінде 5000 санын көрсетеді
Арифметикалық амалында бөлу амалы. мыс. Label1.Caption = Str(20 / 2)
Логикалық ақиқат шамаларды білдіретін (ақиқат/жалған) бульдік типте салыстырмалы операцияларды да орындайды мыс. Label1.Caption = Str(y = a < b)
Логикалық ақиқат шамаларды білдіретін (ақиқат/жалған) бульдік типте салыстырмалы операцияларды да орындайды мыс. Label1.Caption = Str(y = a > b)
Бүтін сандық бөлу қалдығын есептеу үшін арнайы программалық тілде mod тіл символы қолданылады мысалы 3 mod 2 болса қалдығы 1 болады мыс. Label1.Caption = Str(3 mod 2)
Синус және косинус функцияларын sin 300 + cos 600 мәнін есептегенде 1ге тең болса, оны былай есептеуге болады арнайы программалық тілде мыс .
Label1.Caption = Str(sin(30 * pi / 180) + Cos(60 * pi / 180)) болады
Text Box батырмасымен жұмыс жасау үшін мынандай программалар құруға болады. Туылған күніңнен бастап неше күн өмір сүргеніңді санау. Ол үшін Dim, Integer операторларын пайдалану. Dim-жол пішімі, Integer-бүтін сандарды есептеу
Dim dl As Date
Dim d2 As Date
Dim n As Integer
Print "Сегодня", "Рождение", "Прожито"
d1 = Date 'Определение текущей даты
d2 = Text1.Text
n = d1 - d2
Print d1, d2, n
VІ. Жаңа сабақты бекіту
Арифметикалық амалдарды орында қосу, алу, бөлу, көбейту.
Mod-қалдықты табу
17 mod5=2
13 mod4=1
10 mod 3=1
63 mod 8=1
45 mod 8=1
sin 300 + cos 600
sin 600 + cos 900
sin 1000 + cos 600
Бағдарламалық қамсыздандыру саласында әлемдік көшбасшысы болып табылатын
Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президентінің Аты-жөнін және туған күнін біліп, неше күн өмір сүргенін программа арқылы анықтап программа құру
Үйге тапсырма
Процедуралар және функциялар
VІІ. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.