Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Процедуралық программалау -

Процедуралық программалау

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2187 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Процедуралық программалау
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы. Windows 2000 орнатылуы деп аталатын жаңа тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Тарихи пікір бойынша, программалау процедуралық программалау ретінде пайда болып дамыған, программаның негізгі алгоритм мен деректерді өңдеу процедурасы дейді. Процедуралық программалау 40 жылдары Фон Нейман ұсынған дәстүрлі ЭЕМ сәулетінің бейнесі болып табылады. Процедуралық программалаудың идеологиясы мынадай:
• программа мәселені шешу процедурасын беретін операторлардың
(нұсқаулардың) тізбегінен тұрады
• негізгі оператор жады аймағындағындағыларды өзгерту үшін қызмет ететін меншіктеу операторы болып табылады;
• компьютер жады мәндердің сақтау қоймасы ретінде көрсетіледі. Ондағы мәліметтерді программа операторы жаңартады.
• программаны орындау жадының алғашқы күйін, яғни алғашқы деректердің мәндерін қорытынды, яғни нәтижелерге түрлендіру мақсатында операторларды ретпен саяды.
Осылайша, программисттің көзқарасы бойынша программа және жад болады, мұнда біріншісі екіншісінің мәліметтерін ретпен жаңартып отырады.
Процедуралық тілдер келесі ерекшеліктермен :
• жадты нақты түрде басқару, оның ішінде айнымалыларды сипаттау қажеттілігімен ;
• символды есептеу үшін аз жарамдылығымен;
• қатаң математикалық негіздің жоқтығымен;
• әдеттегі ЭЕМ-да іске асырудың жоғары нәтижелілігімен сипатталады.
Екінші тіл машинаның тілі болып табылады. Қазіргі кезде мұндай тілдерді программисттер қолданбайды.
Ассемблер тілі – машина тілінде жазылған, программаның оқуға жеңіл символдық түрінде ұсыну үшін арналған. Ол программистке операциялардың мнемоникалық кілттерімен қолдану, жадтың аймақтарына және ұяшықтарға өзіне қолайлы аттарды беру, және де адресациялаудың аса қолайлы схемаларын беру мүмкіндігін береді.
Раscal(Паскаль) програмисттердің арасында әсіресе ЖК үшін аса танымал процедуралық қолданбалы тілдердің бірі болып танылады. 1970 ж. есептеу техникасы саласындағы швейцар маманы профессор Н.Витрум ойлап тапқан тіл француз матаматигінің құрметіне аталып автордың ойынша программа-лауды үйретуге арналған. Алайда тілдің сәттілігі сонша, есептеу және инфор-мация-логикалы сипаттағы мәселелерді шешу үшін программисттердің қолданбалы және жүйелі негізгі құралдарының біріне айналды. 1979 ж. Раscal ВS 6192 программалау тілінің британдық стандартының жобасы дайындал-ды., сонымен қатар ол ISQ 7185 халыкаралық стандарты болды. Раscal тілінде «дұрыс» программалаудың негізі болып қаралатын және кейінен көптеген тілдерді жасаушылар пайдаланған бірқатар концепциялар іске асырылған. Бұл тіл алдында айтылған программалау тілдерінен өзгешілігі мыналармен мінезделеді:
• жоғары дәрежемен;
• кең мүмкіндіктерімен;
• пішінділікпен, қарапайымдылықпен, қысқашалықпен;
• нәтижесі және сенімді программа жасауға керекті қаталдықпен;
• ЭЕМ-да іске асырылудың жоғары нәтижелілігі.
Раscal тілінің маңызды белгілерінің бірі құрылымды программалау концепция-сының толық іске қосылуы және кезектемелілігі.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Процедуралық программалаудың идеологиясы неде?
2. Процедуралық тілдердің қандай артықшылықтары бар?
3. Программалау тілінің дәрежесі немен анықталады?
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Процедуралық программалау
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.