Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ. -

ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 11907 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Программалау жүйелері деп компьютердегі есептетрді программалауды автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы аталады.
Әдетте программалау жүйесінде:
• қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамалары;
• тілді жүзеге асыру құралдарын сипаттау –бұл осы тілдерден аударғыш программалар;
• стандартты бағыныңқы программалар кітапханасы бар.
Программалау тілдері мен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру қажет. Программалау тілі – бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін, пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен семантикасын анықтайтын ережелер жинағы. Тілді жүзеге асыру құралы – бұл жоғары дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне айналдыратын жүйелік программа.
Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз орындайды.
Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен талдайды. Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік құрылымды машиналық кодқа бірін соң бірін орындай отырып айналдырады. Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің өзінің артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері негізінен компиляцияланады, Ассемблер тілі негізінде интерпретацияланады, Бейсик пен Лисп тілдері осы екі әдісті де кең қолданады.
Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушіліктері де бар:
• тиімді программалар жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет;
• қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру процесінің қиындығы (әсіресе машиналық тілдерде және символдық кодтау тілдерінде);
• программалау жылдамдығының төмендігі;
• бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютерлердің басқа типтерінде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы.
Машиналық-бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен (ішкі тілі, жад құрылымы ) едәуір тәуелді ішкі тілі бар.
Қазіргі программалау жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік арналуы:
1. Объекті – бағытталған визуалды программалау жүйелері. Олар графикалық интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағын жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
2. Логикалық программалау жүйелері. Программист фактілер мен ережелер көмегімен мәселені тек қана тұжырымдайды және логикалық қорытынды механизмінің көмегімен барлық мүмкін нәтижелерді алады, яғни мәселенің шешуін іздеген кезде білім ұсынудың мәлімдеу әдісін іске асырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.