Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Программаны архивациялау. -

Программаны архивациялау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2754 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Программаны архивациялау.
Мақсат: Оқушылардың архивациялау программалары туралы білімдерін қалыптастыру. Архивация программаларымен жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды архивациялау программаларымен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Компьютерлік вирус деген не?
2. Вирустар компьютерге қалай түседі?
3. Вирустар қалай жіктеледі?
4. Антивирустық программалар дегеніміз не?
5. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Ақпараттарды қорғау құралдарының бірі – резервтік көшірмелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса, мұндай жағдайларда ақпаратты сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетке сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.
Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процессі.
Файлда ақпаратты сығу процессі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.
Архиваторлардың жұмысының принципі файлда «артық» ақпарат іздеуге және содан кейін ең кіші көлемге келтіру үшін оны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі – бірдей символдар тізбегін сығу.
Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептеуір жеңілдетеді.
Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процессі.
Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.
Архивтеушілердің бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:
- жаңа архив жасау
- архивтен файлдарды шығару
- бар архивке файлдарды қосу
- өзі шешілетін архив жасау
- көптомды архив жасау
- зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру
- архивтерді бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
2. Файлдарды архивтеу не үшін қолданылады?
3. Архивтік файл дегеніміз не?
4. Архивтен алу дегеніміз не?
5. Архивтеуші-программаларды атаңдар?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға архивтік программалармен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 6.7, бет. 92-99
Архивтеу программалары, файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.