.
.
Тақырып: Құрылғының мәні. Құрылғының мәні.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1902 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: 1)Оқушылардың пернетақта құрылғысы туралы білімін қалыптастыру;
2) Оқушыларды пернетақта құрылғысымен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды компьютердің пернетақта құрылғысымен таныстыру.
Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін білімін дамыту. Компьютердің басқада құрылғыларымен жұмыс жасай білу қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Аппараттық құралдар неден тұрады?
2) Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді?
3) Процессор дегеніміз не?
4) Программа дегеніміз не?
5) Компьютер жады дегеніміз не?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқада символдары бар пернелерден тұрады.
- Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.
- Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
- Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қоғалуын басқаруға болады.
Команда символдық перенелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютерге сендер
Бос орын пернесі. бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.
Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады. Ұлттық алфавит символдарының пернетақтаның пернелерінде орналасуын пернетақтада таратылу деп атайды. Бұл тілдің алфавитінен ауысу үшін пернелердің комбинациясы пайдаланылады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1) Пернетақтаның қандай блоктары бар?
2) Функционал пернелер дегеніміз не?
3) Символдық ақпарат енгізу үшін қандай пернелер қолданылады?
4)
5)
6)
7)
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға пернетақта құрылысы және жұмыс жасау прциптері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма§ 2.2, бет. 42-44, жат
Пернетақта (клавиатура).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.