Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Borland C++ Builder ортасында жұмыс -

Borland C++ Builder ортасында жұмыс

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 508 | Просмотров: 5764 | Размер: 341.0 Kb | Автор:
. Сабақ жоспары

Пәні: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері

Топ
группа ЕТ
308
Күні, жылы
дата

Сабақ тақырыбы: Borland C++ Builder ортасында жұмыс
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: білім алушыларды Borland C++ Builder ортасында жұмыс жасау режимімен таныстыра отырып, үйрету.
Дамытушылық: олардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: көрнекілік әдіс
Пайдаланған материалдар: Андрианов А.А., Исмагилов Л.Н., Мухтарова Т.М.
Көрнекіліктер: ДК, оқулық, проектор, слайд.
Пән аралық байланыс: математика

Сабақ барысы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру: 1. Топпен амандасу
2. Білім алушылардың сабаққа қатысымын түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қайталау сұрақтары: ОББ дегеніміз не?
2. Полиморфизм, Мұрагерлік, Инкапсуляция?
3. Коснтрукторлар мен деструкторлардың қызметі?
4. Қателердің түрлері мен атқаратын қызметі қандай?
5. Ерекше жағдай дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
С++Builder программмалау ортасы іске қосылғаннан кейінгі терезелердің орналасуы келесі түрде болады /1-сурет/:
 Негізгі терезе (С++Builder Project1);
 Объектілер инспекторының терезесі ( Object Inspector);
 Форма редакторының терезесі (Form1);
 Код жазы;
 Латын редактордың терезесі (Unit1).
Ескерту. Кеңеймелері : *.cpp, *.h, *.dfm, *.bpr, *.res. болатын файлдар маңызды болып есептеледі, себебі олар барлық жобаға қатысады.
Жобамен жұмыс жасау:
 Жоба құру үшін негізгі терезеде File New  Application командалары орындалады.
 Жаңа құрылған жобаны толығымен сақтау үшін Filе Save All командасы орындалады. Жоба құрамына кіретін файлдардың жиынтығы бір бумада сақталуы қажет.

1- сурет. С++Builder программмалау ортасының негізгі терезесі

Жобаны орындау бірнеше тәсілдермен жүргізіледі.
• Жобаны жабу үшін Filе Close All командалары орындалады.
• Бұрыннан бар жобаны ашу үшін Filе Open командасы орындалады да, пайда болған диалогтық терезеде жоба файлының (* .bpr) аты көрсетіледі.
• Жоба файлының (*.bpr- файл) мәтінін қарау үшін бас мәзірден Project View Source (Проект->Просмотр) командасы орындалады;
• Жоба файлының терезесін жабу үшін терезе контекстік мәзірінен Close Page командасы орындалады;
• Жоба файлын С++Builder ортасы автоматты түрде өзі құрады;
• Жоба файлы С++Builder ортасының жобалар тобына (группа проектов, ProjectGroup1) кіреді. Жоба тобы - бұл өзі қамтитын бір немесе бірнеше жобалар туралы ақпараттар, сипаттаулар сақталатын *.bpg кеңеймелі файл.
• Project Manager программасы жоба тобымен жұмыс жасауда қолданылады.
• Жоба параметрлерін беру үшін ProjectOptions командасы орындалады.

Жаңа сабақ бойынша жұмыс түрлері:
Өзіндік тапсырмалармен жұмыс жасау.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
1. С++Builder программмалау ортасын қалай іске қосамыз?
2. Кеңейтілімдері қандай?
3. Меню қатарларын атаңдар?
4. Проект қалай құрамыз?
5. Файл менюінің командалары?
V. Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларды бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы:

Оқытушы: __________________
(аты-жөні, қолы)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.