.
.
№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2269 | Размер: | Автор: ТәрбиеСАБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
8 - СЫНЫП
Жинақтаған: Омарбекова Салтанат Күнтуғанқызы
Информатика пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы
Сабақ №1
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Сабақ мақсаты:
1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен білікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс:
- ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- Компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;
- қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
4. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
Үйге тапсырма
ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Оқушыларды бағалау
Сабақ №2
Сабақтың тақырыбы: Информатиканың негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, топтамалар, т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(7-сыныптағы «Ақпарат» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары)
Ақпарат деген не?
(Ақпарат- қоршаған орта мен онда болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер)
Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?
(Ақпараттық процестер дегеніміз –ақпаратты сақтау, беру және оны өңдеу)
Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
(Ақпарат пайдалы, толық, обьективті, жаңа болуы керек).
Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?
(Ақпараттың ең кіші бірлігі -1 бит )
1 Байт= 8 бит
1Кбайт (килобайт)=1024 байт
1Мбайт (мегабайт)=1024 кбайт
1Гбайт (гигабайт)=1024 мбайт
Ақпаратты кодтау, кодтушы кесте деген не?
(Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпартты кескіндеу Кодтаушы символдар жиынының комбинациялары –кодтаушы кесте деп аталады).
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1.Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не білесіңдер?
2.Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білесіңдер?
3.Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині
60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.
Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:
Ақпараттар теориясы ;
Кибернетика;
Жасанды интеллект;
Программалау;
Ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және алмастыру жүргізетін компьютерді ойлап тапты.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.
Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.
ІV. Сабақты бекіту.
1. Информатика дегеніміз не?
2. Информатика нені оқытады?
3. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?
4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: §1.1 тақырыпты оқу.
Информатиканың негізгі түсініктері
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Сабақ №3
Сабақтың тақырыбы: Сандардың тарихы және санау жүйелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың санау жүйелері, ондық , екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
3. Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
4. Ақпараттық процесс деген не?
5. Ақпаратты ұсынудың тәсілдерін атаңдар?
6. Информатикаға анықтама беріңдер?
7. Қазіргі кездегі компьютерлердің қолданылуының сипаты қандай?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2- тарау. Компьютердің арифметикалық негіздері
Сандардың тарихы және санау жүйелері.
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.
Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.
Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.
Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.
Позициялық санау жүйелері
Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16.
Позициялық санау жүйелері
Санау жүйесі негізі Цифр алфавиті
ондық 10 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік 2 0,1
Сегіздік 8 0,1,2,3,4,5,6,7
Он алтылық 16 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)
Ондық санау жүйесі
Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.
Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің , жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.
777= 7*102+7*101+7*100
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Екілік санау жүйесі
Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.
Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.
Сегіздік санау жүйесі
Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік сандар болып табылады.
Оналтылық санау жүйесі
Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F
IV. Сабақты бекіту .
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
5. Он алтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
V. Үйге тапсырма беру:
2 - тарау. Компьютердің арифметикалық негіздері.
§2.1. Сандардың тарихы және санау жүйелері.
VI. Оқушыларды бағалау.
Сабақ №4
Сабақтың тақырыбы: Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы түсінік қалыптастыру;
Білімділігі: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1.Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйенің негізі деп нені айтады?
4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
5. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2.2.-тақырып. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.
89110=11011110112
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.
Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы –берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
1-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 181,36910 б) 176,52610 в) 700610 г) 12510 д) 22910
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 б) 150,700610 в) 284,24510 г) 42810 д) 315,07510
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 3248 ә) 15768 б) 176528 в) 1368 г) 305078
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) А5916 ә) 8716 б) В6816 в) С1616
2-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 ә) 15010 б) 283,24510 в) 42810 г) 315,07510
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 18110 ә)176,52610 б)36910 12510 22910
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 4068 б) 1258 в) 2278
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.
а) 1F5A16 б) 4D616 в) 2СЕ16
3-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 1001111110111,01112 б) 1110101011,10111012
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 100100102 б) 10100101,01112 в) 10011000,000101012
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 668 б) 37,258 в) 206,1258
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 9F4016 б) ABCDE16 в) 1ABC,9D16
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?
2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?
4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?
5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
V. Үйге тапсырма беру:
Оқулық: §2.2. Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру. (Мазмұндау).
VI. Оқушыларды бағалау.
Сабақ №5
Сабақтың тақырыбы: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар. Қосу. Азайту. Көбейту. Бөлу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары.
1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?
2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмүкін?
4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?
Жаңа материалдың мазмұны:
§2.3. Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу
Мысалы:
101
+
011
Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
2. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.
3. Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
4. Нәтижеде
101
+
011
1000 алдық. Сонымен, 10002=810
Қосу – екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция – азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.
Азайту
Мысалы :
101
-
101
Көбейту
Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5
*
110 1102= 1*22+1*21+0*20=6
000
111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010
Яғни 5*6=30
Бөлу
Екілік санау жүйесінде бөлу –ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма:
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақ №6
Сабақтың тақырыбы: 3-тарау. Логика негізі және компьютердің логикалық негізі. §3.1. Логиканың негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Логиканың негізгі түсініктері.
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды,
ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.
Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,
«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.
Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.
Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.
ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Пікір дегеніміз не?
2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?
4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?
5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?
6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?
Үйге тапсырма: §3.1. Логиканың негізгі түсініктері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақ №7
Сабақтың тақырыбы: §3.2. Логикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Логикалық амалдар.
Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.
Коньюнкция:
-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.
Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.
Дизьюнкция:
-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.
Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.
Инверсия:
-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.
-пікіпрлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.
Теріске шығару – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Коньюнкция дегеніміз не?
2. Дизьюнкция дегеніміз не?
3. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?
4. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?
5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?
Үйге тапсырма: §3.2. Логикалық амалдар.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақ №8
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз не?
2. Және, немесе, емес схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет?
3. Компьютер үшін триггер қандай қызмет атқарады?
4. Триггер схемасын көрсет.
5. Қосындылауыш деген не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз 7 –сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:
1. Жүйелік блок;
2. Монитор
3. клавиатура
Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей) .
Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бюейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Компакт –дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW - алтын түсті ( R – жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD-R , DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.
Флеш-жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады.
Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады .
IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
2. Процессор дегеніміз не?
3. Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?
4. Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
5. Мониторлардың қандай типтері бар?
6. Принтрелердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Сабақ №9
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің
құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?
Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.
Дербес компьютерлердің архитектурасы –бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.
Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.
Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.
Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.
Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.
Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Компьютердің өнімділігіне не әсер етеді?
2. Шина дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
3. Контроллер дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
Үйге тапсырма: §4.2. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақ №10
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Процессор дегеніміз не?
2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?
3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?
4. Басқару құрылғысы не істейді?
5. Тактілік жиілік деген не?
6. Ақпараттық кеңарна деген не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі –операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе не үшін қажет?
3. Интерфейс деген не?
4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Сабақ №11
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйелер топтамасы
Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі жұптары даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі Windows (95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы қолданылады. Серверде көбіне Windows NT/XP және UNIX операциялық жүйелері пайдаланылады.
Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:
1. біртапсырмалы
2. көптапсырмалы
Біртапсырмалы операциялық жүйелердің пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режимді қолдау жатады. Оның екі түрі белгілі.
1. Бірпайдаланушы
2. көппайдаланушы
Бірпайдаланушы операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Көппайдаланушы операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және / немесе графикалық интерфейсі бар.
Графикалық интерфейсті операциялық жүйелерде командаларды пайдаланушы тышқанның көмегімен енгізе алады, ал командалық жол режімінде командаларды клавиатураның көмегімен енгізеді.
Біз қазіргі кезде кең тараған Windows операциялық жүйесімен танысуды жалғастырамыз. Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген ұғым береді.
Windows –графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.
IV. Сабақты бекіту.
1. Қандай операциялық жүйелерді білесіз?
2. Көптапсырмалы операциялық жүйелердің біртапсырмалы операциялық жүйелерден айырмашылығы қандай?
3. Көппайдаланушы операциялық жүйелердің бірпайдаланушы операциялық жүйеден негізгі айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Сабақ №12
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйелерді баптау
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2. негізгі менюді баптау;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.