.
.
Тақырып: Санау жүйелері.Ондық, екілік,сегіздік және оналтылық.. Санау жүйелері.Ондық, екілік,сегіздік және оналтылық..
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3946 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың санау жүйелері туралы білімдерін қалыптастыру. Ондық, екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың санау жүйелерімен таныстыру, санау жүйесімен жұмыс жасап үйрету
Дамытушылық –Оқушылардың санау жүйелерін қолдана білуін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)
1) «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
2) Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
3) Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
4) Ақпараттық процесс деген не?
5) Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын – санау жүйесі деп аталады.
Санау жүйелері екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде ритмдік жүйені алуға болады.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау едәуір күрделі болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына тәуелді. Мысалы, 737,3 санындағы бірінші тұрған 7 жүздікті, ал екіншісі – 7 бірлікті, ал үшіншісі – бірліктің 7 ондық үлесін білдіреді. Кез келген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.
Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады.
Ондық санау жүйесінде сан жазу үшін он цифр қолданылдаы: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені, ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Мысалы, 425 санының жазуы санның 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратынын білдіреді. Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни, негізгі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.
Екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды. Екілік санау жүйесінің маңызды құндылығы – цифрларды физикалық кескіндеудің ыңғайлылығы жәнекомпьютер құрылғысының, атап айтқанда екілік сандармен арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған арифметикалық-логикалық құрылғысының қарапайымдылығы.
Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі: 0,1,2,3,4,5,6,7. мысалы, 357 сегіздік санында жеті бірлік, бес сегіз және квадратталған үш сегіз бар.
Екілік санау жүйесі компьютерден тыс қолдануға қолайсыз екенін білеміз. Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10,11,12,13,14,15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы әріптері: A,B,C,D,E,F қолданылады. Мысалы, 3E5A1.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Ондық санау жүйесі деген не?
5. Екілік санау жүйесі деген не?
6. Сегіздік санау жүйесі деген не?
7. Оналтылық санай жүйесі деген не?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға санау жүйелері және оның түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
7)Үйге тапсырма § 2.1, бет. 13-18
Санау жүйелері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.