.
.
Тақырып: Сервис. Сервис
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1620 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың WORD редакторындағы Сервис менюінің қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру. Құжаттарды баптауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WORD редакторының Сервис мәзірімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) WORD –да кесте құру әдістері?
2) Кестедегі қозғалыс қандай перенелер көмегімен жүзеге асырылады?
3) Кесте дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Емле ержесін тексеру.
WORD орфографиялық қатені тексеретін қуатты құралдарға ие. Мәтіндерге тексеру жүргізу үшін:
-мәтіннің басына көшу қажет;
-Сервис- Емле ережесі командалары таңдалады, сол кезде экранда диалогтік терезе шығады;
-диалог терезесінде дұрыс емес сөздер шыққан кезде, сіздерге ұсынылған вариантардың бірін таңдау қажет немесе өз сөзіңді енгізіп Алмастыру батырмасын басыңыз. Сөз алмастыруды қажет етпеуі мүмкін, онда Өткізіп жіберу батырмасын басыңыз.
Тасымал жасау.
Мәтін енгізу барысында жол оң жақ шекараға жеткенде автоматты түрде төменгі келесі жолға тасымалданады. Жолдағы соңғы сөз сол жолға сыймайтын болса, онда сөз келесі жолға тасымалданады да, беттің оң жақ шеті тегіс болмай қалады. Егер мәтін беттің ені бойынша тураланса, онда жолдағы сөздердің арасы бос орынмен толтырылады. Бірақ кейде мәтінде мұндай үлкен бос орын қалдыруға рұқсат етілмейді, ондай сөзді буынға бөліп, тасымалды қолмен қою қажет.
WORD-та құжаттың оң жақ шекарасын туралауға әжептеуір мүмкіндік береді. Тасымал мәжбүрлі немесе автоматты түрде қойылдаы.
Мәтіндік редактор тасымалды автоматты түрде қою үшін жаңа мәтін енгізбей тұрып, Сервис – Язык – Растановка переносов командасын орндыңдар.
Экранда Расстановка переносов диалогтык терезесі пайда болады да, оған Автоматическая расстановка переносов опциясында жалауша орнатыңдар.
Бүкіл мәтінді теріп болғаннан кейін тасымалдау қою үшін, яғни «мәжбүрлі» тасымалдау үшін, менюдің сол Сервис – Язык – Расстановка переносов командасын орындаңдар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Редакциялау дегеніміз не:
2. Емле ережесін және грамматиканы тексеруді қалай жүзеге асырады?
3. Тасымалдауды орындау қалай жүзеге асырылады?
Тапсырма.
Берілген мәтінді теру. Орфографиялық тексеру жүргізу және қатесін түзету.
1. WORD мәтіндік процессорын ашыңыз.
2. Берілген мәтінді теріңіз.
Қазақ халық ертегісі
Ай менКүн
Өткен заманда біреудің Айсұлу мен Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен.
Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжаолдасып қалады екен.
.................
.................
3. Автоматты түрде мәтіннің орфографиялық қатесін тексеруді орындаңыз және қатесі болса түзетіңдер.
4. Терілген мәтінді сақтап қойыңдар.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға WORD - тың Сервис менюінің жұмысы туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 7.2, бет. 69-73
WORD – қа мәтін енгізу. Мәтіндік құжатты редакциялау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.