Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шарттарды ұйымдастыру  операторлары. -

Шарттарды ұйымдастыру операторлары.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 304 | Просмотров: 1605 | Размер: 224.7 Kb | Автор: bibigul
. Убабаева Балнур Толеубаевна
Информатика пәнінің мұғалімі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы.
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Электронды пошта: [email protected]
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Шарттарды ұйымдастыру операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;
Дамытушылық: Программалау ұғымын дамыту;
Тәрбиелік: Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері , тест-программа.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)
• Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет).),
ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.
Компьютер-оқушының сұқбаты:

Экрандағы ақпарат Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? ...
Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады.
Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ). Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді.
.
1. Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.
Паскалдағы жазылу түрі:
Толық тармақтау Блок-схема
if <шарт> then 1-оператор else 2-оператор;
шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.
мыс:
gas:=15;
if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’)
else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’);
Жоғарыдағы сұраққа назар салыңдар.

Қысқаша тармақтау Блок-схема
if <шарт> then оператор;
шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..
мыс:
gas:=15;
if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);


Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік. ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.
ІV. Сынып жұмысы. (10мин)
Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі.
ах2 + вх + с = 0
1. Не белгілі?
а, в, с – нақты сандар
2. Не істеу керек?
Кв.теңдеудің х1, х2 түбірлерін табу керек, түбірі болмаса «түбірі жоқ» деген хабар шығару керек.
3. Қалай жасау керек?
Дискриминант d=b2-4аc
D<0 түбірі жоқ
D=0 бір түбірі бар x1=-b/2a
d>0 екі түбірі бар х1=?, х2=?
,
program kvtendeu;
var a,b,c:integer;
x1,x2,d:real;
label 10;
begin
write('Кв.тенд.коэф. енгіз a,b,c ');
read(a,b,c);
d:=sqr(b)-(4*a*c);
if d<0 then begin writeln('түбірі жок ');goto 10;end;
if d=0 then begin writeln('Бір түбірі бар: ',-b/(2*a));goto 10;end
else writeln('Екі түбірі бар: ',-b+sqr(d)/(2*a),' ',-b-sqr(d)/(2*a));
10: end.

V. Бағалау және үйге тапсырма (3мин) §3.5 (76-82бет), №6 есеп (89бет)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.