.
.
Уақыты: 25.01.2013 Стандартты программалар
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2112 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Стандартты программалар
Мақсаты: Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: WordPad, Paint, Блокнот, Калькулятор жайлы түсінік беру, таныстыру;
Оқыту нәтижесі: Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларының міндеттерін біледі, тәжірибеде қолдану тиімділігімен танысады, өз тәжірибесінде қолдана алады.
Уақыты Стратегиялар Ресурстар Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті
3 минут Ұйымдас-тыру сәті
I Кіріспе
Әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлу.
1-ші топ - WordPad,
2- топ-Paint атауы беріледі. Сурет салуға арналған құралдар жиынтығы - Paint тобына, мәтін-мен жұмыс барысында қолданыла-тын пернелер - WordPad тобына бөлінеді.
5 минут
«Домино» құрастыру Интерактивті тақтамен жұмыс ІІ Өткен тақырып бойынша қайталау.
Оқушылар алдымен топта құрас-тырып, интерактивті тақтада әрі топ өз белсенділіктерін көрсетеді.
10 минут Интерактивті тақтамен жұмыс ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.
Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:
Оқушылар жаңа тақырыпты тыңдап, өз ойлары мен бөлісіп отырады, «түртіп алу» әдісі арқылы жаңа ақпаратты жазып алады.
2 минут Сергіту
Сергіту сәтін ұйымдастырады. Экрандағы әуенмен берілген фигуралардың қозғалысымен көз жаттығуларды қайталайды.
3
минут Жеке жұмыс Интерактивті тақта IV. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін қолданып, практикалық шеберлікті дамыту, дербес компьютермен жұмыс
1 – тапсырма. Кім шапшаң? Әр топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша стандарттық бағдар-ламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетеді.
12 минут Топтық жұмыс
Компьтермен жұмыс 2 – тапсырма.
Блокнот бағдарламасы бойынша тапсырма: WordPad тобына
1. Блокнот бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде берілген мәтінді теру керек:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға,
Әділет, шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
3. Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.
WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма: Paint тобына
1. WordPad бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде төмендегі мәтінді теру қажет:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық,
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
3. Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.
Әр топқа стандарттық бағдарла-малар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары орындайды. Топтың бағалануы тапсыр-маның орындалу шапшаңды-ғына, қатесіз терілген, мәтінге, құжатты сақтау жолдарына байланысты беріледі.
3
минут «Ассоциа-ция» әдісі 3 – тапсырма.– «Стандартты программа-лар» сөзіне интерактивті тақтада ассоцация құрады. Оқушылар интерактивті тақта орындайды.
5
минут Кестемен жұмыс Интерактивт тақтамен жұмыс V Қорытынды бөлім
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында «Жалғастыр» әдісі орындалады. Оқушылар интерактивті тақтада кестедегі мәліметтерді өзара жалғастырып, байланыстырады.
2 минут Үй тапсырмасы. Стандартты программалар.
«Үш шапалақ» әдісімен топтарға бағалау
Сабақты талдау Не сәтті өтті? Оқушылар «Домино құрастыру» ойынын аса қызығушылықпен орындады.
Не сәтсіз өтті? Кейбір оқушылардың сұраққа жауаптарында нақтылық болмады.
Болашақта нені өзгертер едің? Оқушыларды дербес компьютерде мәтінді тез, сауатты жазуға үйрету керек. Уақыттарын үнемді пайдалануға дағдыландыру керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.